«Біздің стартап қаржы жағынан оң статусқа жетіп қойған. Кейінгі бір жарым жыл ақша тауып жүрміз, яғни дамуға қаражат беріп, инвесторларды тартатын қалыптасқан бизнес бар. Мұндай жағдайымыз жаңа өнім әзірлеуге көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Негізгі бизнес жұмыс істейді және табысты. Сондықтан біз одан әрі стратегиялы түрде дамуға назар қоя алдық.
2023 жылы Astana Hub Google for Startups компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған Silkway Accelerator бағдарламасының 3-партиясына қатыстық және ол 12 апта өте қарқынды өтті. Трекерлердің жетекшілігімен алға қойған мақсатымызға жету үшін жұмыс істедік. Astana Hub семинарлары ерекше есте қалды. Шақырылған тәлімгерлер маркетингтен қаржыға дейін әртүрлі тақырып бойынша білімін берді. Сессиялар біздің дамуымыз үшін керемет пайдалы болды», – деді Қасым Қабылғали.
Қазақстандық стартаптар қозғалысы қалай дамып жатқанын «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасынан бақылаңыз. Бұл - Er10 Media редакциясы мен Astana Hub-тың бірлескен жобасы. Біз еліміздегі стартаптардың жетістігін айтып, ең қызық жобаларды көрсетеміз. Кейіпкерлер арасында Astana Hub мүшелері, басқа инновациялық және технологиялық өнімдер мен қызметтер бар. Барлық материал үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.
Толығырақ er10.kz сайтынан оқуға болады.