PocketDot осы бағыттағы алғашқы құрылғылардың бірі. Ол бөлек, көлемді аппарат ретінде емес, арнайы мобильді аксессуар ретінде ойластырылып, бастапқыдан солай жобаланған. Құрылғының алғашқы прототиптері Astana Hub алаңында жасалды. Ал өнімді жетілдіру жұмыстары стартап негізін қалаушы Әділ Жүсіповтің Стэнфорд университетінде білім алуы барысында жалғасын тапты.
Қазіргі таңда Әділ жобаны Кремний алқабында дамытып жүр әрі құрылғы өндірісін Қазақстанда іске қосуды қатар жоспарлап отыр. CES көрмесінің ұйымдастырушылары PocketDot-ты инклюзивті технология ретінде ерекше атап өтті. Жоба көрме қонақтарының да зор қызығушылығын тудырды. Солардың арасында әйгілі америкалық музыкант Стиви Уандер де болды.
Ол PocketDot стартапына қызығушылық танытып, құрылғыға алдын ала тапсырыс берген.
«Көрме кезінде стендімізге келген бір қонақ өнімімізге қызығып, кейін досы Стиви Уандермен бірге қайта оралды. Ол кісіні біздің стендке ертіп келіп, бейресми жағдайда командамыз PocketDot туралы, жобаның қандай мәселені шешетінін егжей-тегжейлі түсіндіруге мүмкіндік алды».
Әділ бұл кездесудің ұзақмерзімді әсері туралы айтуға әлі ерте екенін айтады, себебі ол жуырда ғана болған жағдай. Дегенмен, оның маңызы қазірдің өзінде байқалып отыр.
«Бұл кездесу көзі көрмейтін жандар үшін білімге қолжетімділік, жеке кеңістік және қазіргі цифрлық өмірдегі Брайль жүйесінің рөлі туралы қоғамдағы қызығушылықты айтарлықтай арттырды. Біз үшін бұл дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсететін маңызды белгі», — дейді стартап негізін қалаушы.
Толығырақ Digitalbusiness.kz сайтында.