Жартылай финалда Қазақстан атынан ALDIS Petrosolutions LLP, Regula AI, gro.now, AISAAT, Hound IDOCS, Factory Builder AI, Thrust.kz, Clario, Basira Intelligence және ASPEX Group стартаптары бақ сынады. Жобаларды халықаралық қазылар алқасы: венчурлік инвесторлар, сала мамандары мен корпоративтік қор өкілдері бағалады. Негізгі критерийлер қатарында технологиялық жаңашылдығы, нарықтағы әлеуеті, бизнес-модельдің тұрақтылығы, өнімнің дайындық деңгейі және команда құзыреті болды.
Regula AI — стандарттар мен реттеуші талаптармен жұмыс істеуге арналған платформа. Бұл шешім нормативтік құжаттарды жылдам оқып, түсінуге мүмкіндік береді, тәуекелдерді азайтып, уақытты үнемдейді. Сондай-ақ құжаттар бойынша ыңғайлы навигация, мәртебесін ашық бақылау, негіздемелер мен дәлелдерді жүйелеу арқылы жұмыс тиімділігін арттырады. Бұдан бөлек, құрал командалық жұмысты, аудит жүргізуді және есеп дайындауды жеңілдетеді.
Қазір өнім бета-нұсқада және медициналық бұйымдарды реттеу, қаржы және фармацевтика салаларындағы құжаттарда сынақтан өтіп жатыр. Пилоттық жобалар брокерлік және сақтандыру компанияларымен, банктермен және өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп іске асырылуда.
Айта кетерлігі, 2026 жылғы 4–5 мамырда Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық технологиялық көрмесі өтуде. Бұл шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, 60-тан астам елден мемлекеттік органдар, технологиялық компаниялар, стартаптар мен инвесторларды біріктіреді.
Іс-шара Орталық Азия мен Кавказ өңірінің болашағы зор технологиялық орталық ретіндегі орнын нығайтуды көздейді. Көрмені GITEX-тің жаһандық операторы — inD компаниясы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Алматы қаласы әкімдігімен әріптестікте ұйымдастырды.