Бұл қазақстандық AI-шешімнің әлемдегі ең дамыған қаржы нарықтарының біріне шыққанын білдіреді. Компания өнімі негізгі банктік процестерге еніп, деректерді талдауға, тәуекелдерді бағалауға, операцияларды автоматтандыруға және талаптардың сақталуын бақылауға көмектеседі.
Жобаның негізінде әлемдік индустриядағы озық шешімдердің бірі – AI Wealth Operating System (WealthOS) жатыр. Бұл меншікті ЖИ-инфрақұрылымы базасындағы модульдік конструктор, ол жекелеген процестерді де, капиталды басқарудағы құн құрудың бүкіл тізбегін де цифрландыруға қабілетті.

Жүйе жасанды интеллектіні келесі мақсаттарда қолданады:
- Деректерді терең талдау және болжамды аналитика;
- Тәуекелдерді бағалау және нақты уақыт режиміндегі стресс-тестілеу;
- Мәмілелерді автоматтандыру және инвестицияларды күрделі құрылымдау;
- Зияткерлік комплаенс пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Біз жаңа буынның инвестициялық банкингі үшін технологиялық ядро құрып жатырмыз. Қазақстандық әзірлемелердің жаһандық деңгейде сұранысқа ие болуы біз үшін маңызды. Азияның қаржы институттарымен жасалған келісімшарттар шешімдеріміздің күрделі әрі талапты жүйелерде жұмыс істеуге дайын екенін көрсетеді. Бұл – жасанды интеллектіні нақты банктік процестерге енгізудің мысалы және қазақстандық жобалардың халықаралық шешімдермен тең дәрежеде қолданыла алатынының дәлелі», — деді Investbanq бас директоры Олжас Жиенқұл.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Investbanq Сан-Францискодағы TechCrunch Disrupt көрмесінде үздік 1% стартаптың қатарына еніп, Pre-Series A раунды аясында 3 млн доллар инвестиция тартты. Бүгінде компанияның шешімдері Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде қолданылады.
Қазақстанда жасанды интеллект экономиканың түрлі салаларында дамып келеді. Investbanq тәжірибесі қазақстандық шешімдердің жаһандық деңгейде қолданыс тауып жатқанын растайды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылында бұл отандық әзірлемелерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және олардың әлемдік технологиялар нарығында бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.