Astana Hub-тың Kazakhstan Tech Solution Day аясындағы негізгі келісімдері

Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы аясында ұйымдастырылған Kazakhstan Tech Solution Day алаңында Astana Hub халықаралық технопаркі бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды. Бұл бастамалар экожүйені, жасанды интеллект саласындағы IT-білімді және өңірлік IT-хабтарды дамытуға бағытталған.


Конференция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Astana Hub арасында техникалық жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған жаңа білім беру курстарын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Курстар ойындарды әзірлеу (Game Development) мен жасанды интеллект (AI) сияқты бағыттарды қамтиды. Бұл оқытушылардың біліктілігін арттырып, осы салаларда студенттер мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар Astana Hub бірнеше ұйыммен, соның ішінде Ақмола облысының Туризм басқармасы, «ҚазФосфат» ЖШС, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер Aqmola Hub, Zhambyl Hub, Atyrau Hub және Aktobe IT Hub сияқты өңірлік IT-хабтардың дамуына ықпал ететін стартаптарды дамытуға, бірлескен іс-шаралар мен бағдарламаларды өткізуге, сондай-ақ инкубациялық бағдарламалар мен стартап-жобаларды қолдауға бағытталған.

Еске салсақ, 2024 жылдың 3-5 қыркүйегінде Қазақстан астанасында Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтті, оған 30 елден 400-ден астам делегат қатысты. БҰҰ АТМЭӘК пен ҚР ЦДИАӨМ ұйымдастырған конференция цифрландыру және тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған басты алаңға айналды.

 Конференция аясында Kazakhstan Tech Solution Day ұйымдастырылып, оның бас демеушісі жетекші қазақстандық технологиялық компания – Kaspi.kz болды. Сонымен бірге іс-шараны инновациялық әрі цифрлық Freedom Bank және жаһандық көлік пен қалалық қызметтер платформасы inDrive қолдады. 

 

Пікірлер 5

Кіру пікір қалдыру үшін