Елдің үздік IT-мектептері мен өңірлік IT-хабтары Digital Bridge 2023 форумында таныстырылады

12-13 қазанда Астанада Digital Bridge 2023 IT-форумы алаңында IT-мектептер мен өңірлік IT-хабтардың көрмесі өтеді, онда аймақтардағы цифрландырудың дамуы, білім беру бағдарламалары мен стартаптардың жетістіктері туралы білуге болады.


16 жетекші IT-мектеп өкілдері көпшілікке білім беру бағдарламалары мен озық технологиялар туралы айтады. Көрмеге келушілер IT-мектептердің түлектері оқу, жұмысқа орналасу және кәсіби дамудың жетістіктерімен бөлісетін IT-Talks сессияларына қатыса алады.

 Бұдан бөлек, форумға қатысушылар қазақстандық азаматтарға елдің ең үздік IT-мектептерінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін Tech Orda бағдарламасымен танысады. Көрме аясында IT-мектептер өкілдері түрлі шара ұйымдастырып, онда қатысушыларға IT трендтеріне терең үңіліп, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік беріледі. 

 «IT-мектептер көрмесіне қатысу сіздің тәжірибеңізді байытып, IT-білім саласының жаңа перспективаларын зерттеуге, елдің жетекші IT-мектептері басшыларымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Бұл түрлі курстар арасынан қажеттісін тауып, ақпараттық технологиялар әлеміне қадам басу мүмкіндігі. Бұдан бөлек, форумда экожүйенің дамуында маңызды рөл атқаратын 14 өңірлік IT-хаб таныстырылады. Қазақстанның әрбір өңірлік IT-хабы жас кәсіпкерлер, бағдарламалаушылар, IT-қауымдастықтың басқа да өкілдері бас қосатын инновациялар мен шығармашылық ойлау орталығы саналады», - деді Astana Hub басқарушы директоры Азиз Тілеумұратов. 

IT-хабтар көрмесінде 14 өңірлік менеджер IT-хабтардың жетістіктері мен аймақтардағы стартаптардың дамуына қандай мүмкіндіктер беріліп жатқаны туралы айтады. Өңірлік IT-хабтардың басты мақсаты – аймақтарда инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау. Ол сондай-ақ, стартаптар, инвесторлар мен тәлімгерлерді біріктіре отырып, жергілікті IT-қауымдастықтар құрылатын платформа.

Қазір барлық өңірде IT-хабтар қызметін дамытумен және түрлі шаралар ұйымдастырумен айналысатын комьюнити-менеджерлер жұмыс істеп жатыр. Аймақтарда Digital Nomands-пен серіктестікте вебинарлар және Google Def кездесулері жиі өтеді. Олимпиадалар мен хакатондар ұйымдастырылады. Бүгінге дейін өңірлік хабтарда 7 мыңнан астам адамның қатысуымен 300 іс-шара өткізілді.

Инновациялық экожүйені өңірлік деңгейде кеңейтудің маңызы туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. 

Еске салайық, ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен, Astana Hub және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жыл басынан бері Қазақстанның 14 аймағында IT-хаб ашылды: Abai IT Valley (Семей),  Kyzylorda Hub (Қызылорда), Digital Jetisu (Талдықорған), Zhambyl Hub (Тараз), Oskemen IT Hub (Өскемен), Jaiq Hub (Орал), Turkistan IT Hub (г. Түркістан), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе), Qostanai IT Hub (Қостанай), Aqmola IT Hub (г. Көкшетау), Pavlodar Hub ( Павлодар), Terricon Valley (Қарағанды). Жыл соңына дейін Атырау және Маңғыстау облыстарында IT-хабтар ашылады.

Digital Bridge 2023 форумы аясында IT-мектептер мен өңірлік IT-хабтар көрмесінен бөлек, бірқатар ауқымды шаралар: Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс, онымен one-to-one кездесулер, халықаралық спикерлер қатысатын 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups серіктестер саммиті, стартаптар туралы «Meet the Drapers» америкалық реалити-шоудың түсірілімі, Digital Bridge Awards жеңімпаздарын марапаттау, Astana Hub Battle, Startup Alley, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және корпорациялар көрмесі өтіп, робототехника, VC аймақтары ұйымдастырылады.   

Digital Bridge халықаралық IT-форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Форумның негізгі тақырыбы қазіргі әлемдегі жасанды интеллектің рөлі -  Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz.   

 

Пікірлер 11

Кіру пікір қалдыру үшін

Оглядываясь назад, ожидания были превзойдены

Жауап беру

Выставка IT-школ и региональных IT-хабов на Digital Bridge 2023 явно предоставит участникам уникальную возможность углубиться в мир IT-образования и познакомиться с разнообразными программами и технологиями.

Жауап беру

Поздравляем организаторов и участников с успешной реализацией мероприятия, и желаем, чтобы Digital Bridge продолжал способствовать развитию IT-сферы и инноваций в Казахстане.

Жауап беру

жаль пропустил новость, хотелось бы поучкаствовать 😭

Жауап беру

круто

Жауап беру

сегодня была, было очень круто

Жауап беру

Казахстан активно развивает свою IT-инфраструктуру не только в столице, но и в регионах, поддерживая инновационные проекты и предоставляя образовательные ресурсы

Жауап беру

В этом году digital bridge на уровне 🔥

Жауап беру

классно

Жауап беру