14 шілдеде Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Солтүстік Еуразияның үздік студенттік командаларына арналған спорттық бағдарламалау бойынша халықаралық оқу-жаттығу жиыны – Northern Eurasia Camp (ICPC Training Camp in Kazakhstan) ресми түрде жабылды. Іс-шара барысында қатысушылар, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар мен серіктестер бағдарламаның қорытындысын шығарды.
Бағдарлама қатысушыларды ICPC халықаралық финалына дайындауға бағытталып, әлем чемпионатының талаптарына барынша жақын форматта өтті. Командалар алгоритмдік дағдыларын жетілдіріп, жарыс стратегияларын пысықтады, рөлдерді тиімді бөлуді және қарқынды контестер жағдайында командалық өзара іс-қимылды дамытуға машықтанды.
«Біздің мақсатымыз – alem.ai-ді жас таланттар үшін үлкен мүмкіндіктер алаңына әрі әлемнің түкпір-түкпірінен келген білікті IT-мамандар шоғырланатын орталыққа айналдыру. Мұнда қатысушылар үздіктерден білім алып, ең мықты командалармен тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейдегі сын-қатерлерге дайындала алады. Біз адами капиталды дамытатын, әлемдік таланттарды біріктіретін және жас мамандардың ең биік мақсаттарға жетуіне ықпал ететін бастамаларды қолдауды жалғастырамыз», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Northern Eurasia Camp жиынына Солтүстік Еуразия елдерінің өңірлік чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, үздік студенттері мен жаттықтырушыларынан құралған 20 команда қатысты. Қатысушылар қатарында Ұлттық зерттеу университеті – Жоғары экономика мектебі (HSE University), Мәскеу физика-техникалық институты (MIPT), ИТМО университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, Орал федералдық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Astana IT University, Беларусь мемлекеттік университеті, Ереван мемлекеттік университеті және ADA University командалары болды.
Жиын барысында қатысушылар офлайн контестерге қатысып, есептерді талдап, ICPC форматында дайындықтан өтті және ICPC World Finals деңгейіне барынша жақын техникалық ортада жұмыс істеді. Сонымен қатар командалар Astana Hub пен alem.ai экожүйесімен танысты.
«Биылғы жиын біз күткеннен де жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың екінші жыл қатарынан Астанада бас қосып, Astana Hub пен Alem.ai ұсынған заманауи инфрақұрылым мен қажетті қолдаудың арқасында дайындалуы біз үшін өте маңызды. Мұндай жиындардың құндылығы көбіне тапсырмалардың бірегейлігі мен сапасына байланысты. Сондықтан контестерді әзірлеген барлық командаларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Қатысушыларға алдағы әлемдік финалда сәтті өнер көрсетіп, өз әлеуеттерін толық танытуларына тілектеспіз», – деді Яндекстің олимпиадалық қауымдастықпен жұмыс жөніндегі жетекшісі Татьяна Колинкова.
Northern Eurasia Camp Астанада екінші жыл қатарынан өткізіліп, қаланың өңірдегі жетекші IT-таланттарды даярлайтын маңызды орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсті. Алғашқы жиынға қатысқан Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің командасы кейіннен ICPC World Finals 2025 жарысының абсолютті чемпионы атанып, қазіргі әлем чемпионы болды. Биылғы қатысушылар қатарында HSE University-дің FFTilted командасы да болды. Олар – 2023 жылғы әлем чемпиондары және алдағы әлемдік финалға дайындалып жатыр.
«Өңірден әлемдік финалға жолдама алған командалардың басым бөлігінің бүгін осында жиналғаны – біз үшін үлкен мақтаныш. Екінші жыл қатарынан спорттық бағдарламалауды дамытуға және өңір таланттарын халықаралық финалға даярлауға арналған мықты алаңды бірлесіп қалыптастырып жатқанымызға қуаныштымыз», – деді Alem.ai Foundation бас директоры Адина Магавина.
Солтүстік Еуразия командалары дәстүрлі түрде спорттық бағдарламалау бойынша әлем көшбасшыларының қатарында. 2000 жылдан бері өңір университеттерінің өкілдері ICPC World Finals жарысында 17 рет абсолютті чемпион атанды. Northern Eurasia Camp 2026 жылғы 15–20 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін The 2026 ICPC World Finals жарысына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар командалық жұмыс дағдыларын жетілдіріп, жарыс стратегияларын сынақтан өткізіп, әлемдік аренадағы өнер көрсету алдында қосымша тәжірибе жинақтады.
Оқу-жаттығу жиынын ICPC-дің Солтүстік Еуразия өңіріндегі бас серіктесі Яндекс, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Alem.ai Foundation ұйымдастырды.