Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде Жасанды интеллект саласындағы әлеуетті дамыту бойынша алмасу және ынтымақтастықтың жаһандық орталықтар желісін құру туралы Негіздемелік келісімге (Global Network of Centres for Exchange and Cooperation on AI Capacity Building) қол қойылды. Astana Hub базасында жұмыс істейтін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы осы халықаралық бастамаға ресми түрде қосылды. Қазақстан тарапынан Негіздемелік келісімге Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё қол қойды.
Жаһандық желі жасанды интеллект саласындағы цифрлық алшақтықты азайту мақсатында құрылып, университеттердің, корпорациялардың, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіреді. Келісім аясында қатысушылар дамушы елдерге материалдық-техникалық, білім беру және сараптамалық қолдау көрсетеді.
Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары:
- ұлттық және өңірлік жасанды интеллект экожүйелерін дамыту;
- салалық мамандарды даярлау және халықаралық білім беру бағдарламаларын іске қосу;
- есептеу ресурстарын, деректерді және жасанды интеллект модельдерін бірлесіп пайдалану;
- қоғамдық маңызы бар салалардағы қолданбалы жобаларды қолдау.
Бүгінде желі Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінен 20-дан астам жасанды интеллект орталығын біріктіреді. Келісімге қол қою қарсаңында, 3–4 шілде күндері Astana Hub өкілдері Женева университетінің базасында өткен жұмыс воркшопына қатысты. Кездесулер барысында тараптар орталықтар арасындағы өзара іс-қимыл архитектурасын талқылап, халықаралық ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруға және сараптамамен алмасудың тұрақты платформасын іске қосуға бағытталған 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірледі.