Кездесу барысында стартаптар, технологиялар және Қазақстанмен цифрлық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Негізгі тақырып - екі ел арасындағы цифрлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету болды.
Делегация назарына экология, логистика, білім беру, қалалық мобильділік пен жасанды интеллект бағыттарында іске асырылып жатқан бірқатар технологиялық шешім ұсынылды. Атап айтқанда: Green Public – көміртегі ізін есептеп, ағаш отырғызу арқылы оны өтеуге мүмкіндік беретін экосервис, Biny – заманауи цифрлық логистика платформасы, Codiplay – балаларға бағдарламалау мен робототехниканы үйретуге арналған білім беру экожүйесі, inDrive – халықаралық көлік платформасы, AMAN – төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсететін SOS-қызметі, Yume – мүлікті жалға беруге арналған маркетплейс, WeGlobal AI – оқушылардың стресстік жағдайын анықтап, кәсіби бағдар беретін жасанды интеллект негізіндегі шешім, Shai Pro – бизнестегі процестерді автоматтандыратын AI-платформа.
Сондай-ақ, делегацияға Astana Hub кластерінің қызметі таныстырылып, оның басты миссиясы, инфрақұрылымы мен стартаптарға арналған мүмкіндіктері туралы кеңінен айтылды. Бүгінде Astana Hub түрлі елдерден келген технологиялық командалар үшін хабқа айналып отыр және әзербайжандық технологиялық экожүйемен әріптестікті дамытуға ниетті.
Айта кетерлігі, Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестікті энергетика мен логистикадан тыс, технологиялар, стартаптар мен цифрлық трансформация сынды жаңа бағыттармен кеңейтіп келеді. Әсіресе, Biny және AMAN сынды жобалар әзербайжандық тараптың ерекше қызығушылығын тудырды.