Central Eurasian Venture Forum форумында стартаптар рекордтық сомадағы инвестицияны құрайтын алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді
Алматыда Central Eurasian Venture Forum (бұдан әрі CEVF) ‒ инвесторлар, стартаптар және стартап экожүйесінің басқа да қатысушылары үшін ауқымды іс-шара өтті. Биыл форум қатысушылардың географиясын кеңейтіп, бүкіл Орталық Еуразияны қамтыды. MOST холдингі және Сингапур инвестициялық Investbanq (Paladigm Capital) платформасы 1000 адамға арналған ауқымды іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, форумға 400-ден астам стартаптар мен 600 жеке инвесторлар, венчурлық қорлар мен корпорациялардың өкілдері қатысты. Инвестор-стартап, стартап баттл және камералық келіссөздер сияқты жылдам кездесулер кезінде стартаптар ұйымдастырушыларға бірінші кезеңде инвесторлармен өз жобаларына 8 миллион доллар сомасында инвестиция салуға келіскендерін растады. Осылайша, өткен жылдың рекордын 5 миллион долларға жаңартты.
Investbanq өзінің алғашқы жасанды интеллект негізінде жасалған цифрлық инвестициялық платформасының көрсетілімін өткізді. Жоба цифрлық инвестициялық банкинг саласында сапалы жаңғырыққа айналды.
«Бүгінгі күні инвесторларға қызықты аумақтар мен салалар өте көп, алайда инвестициялық тауарлары жөнді дамымаған. Сол аумақтардың бірі – Орталық Азия. Қазіргі уақытта жасанды интеллектті елемей алмайтын өнеркәсіптердің бірі. Біздің форум екі өзекті тақырыптардың симбиозы болғанына қуаныштымыз », - Investbanq негізін қалаған Олжас Жиенқұл айтты.
Chevron мен Impact hub Almaty қолдауымен форумда стартаптар аллеясы ашылды. Стартаптар арасындағы The MOST Investable Battle сайысында жеңіске жеткен стартап - Hero Study. Олар ЖОО-ын басқару мен аналитикасын жүргізудің бірыңғай жүйесін ұсынады. Форум аясында Astana Hub халықаралық технопаркі ғарыштық технологиялар саласындағы IT - стартаптардың Space Tech Battle-шайқасын өткізді. Оған үздік 10 стартап қатысты, 3 жеңімпаз анықталды, жүлде қоры 15 мың долларды құрады.
Сондай - ақ, CEVF2023 форумы аясында Silkway Accelerator Pitch Marathon атты Astana Hub және Google for Startups бірлесіп өткізген акселерациялық бағдарламасының алты стартап (BILLZ, Kid Security, Trust Contract, Prosper Pay, Codify, Voiceloft) қатысушылары инвесторларға өз жобаларын таныстырды.
Сонымен қатар, форумға дейін MOST бизнес-инкубаторы "Fastest Growing Startup of the Year" және "Discovery of the Year" атты екі номинациясына дауыс беру барысын іске қосты. Ең көп дауыс GoatChat (жасанды интеллектпен чат) және Kwakka (мейрамханалар кассасына жылдам жеткізу қызметін көрсетудің интеграциясы) жобаларына берілді.
«CEVF – жәй ғана іс-шара емес. Біз Орталық Еуразиядағы венчурлық нарықтың шынайы жағдайын өлшеп көрсетуге тырыстық. Жылдан жылға біз бұл нарықтың жақсы өсіп, дамып келе жатқанын көрудеміз. Біздің форум инвесторлар, стартап негізін қалаушыларын қосып, мыңдаған адамдардың кездесу орнына айналып, тіпті ең жаңа жобаларға шынайы инвестиялар алуға мүмкіндік беруде. 2024 жылы біз бұдан да көбірек стартаптар мен инвесторлардың көбеюіне көмектесу үшін кеңею мен дамуды жоспалаудамыз», - деп, MOST басқарушы серіктесі Павел Коктышев атап өтті.
Сонымен қатар, іс-шараның өзі ақпараттық себептерге бай болды.
MOST венчурлық қоры екінші қордың іске қосылғанын жариялады. MOST Ventures Fund II ашылуы 2023 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарлануда. Оның мақсатты мөлшері 30 миллион долларды құрайды. MOST холдингінің екінші маңызды хабарламасы Алматы қаласының стартап және венчурлық экожүйесін зерттеуді ресми жариялау болды. Есеп беру Алматы қаласы әкімдігі мен цифрландыру басқармасының тапсырысы бойынша жасалды.
"Біздің зерттеуіміздің мақсаты Алматының ІТ-нарығындағы динамика мен үрдістерді жан-жақты зерделеу, сондай-ақ барлық мүдделі тараптар үшін өзекті ақпарат беру болды. Біздің зерттеуіміздің нәтижелері стартап-қоғамдастығын жақсы түсінуге және тиімді өзара қарым-қатынас жасауға көмектесуіне, сондай-ақ инновациялық кәсіпкерлерді қолдаудың қалалық сервистерін құруға негіз болады деп сенеміз", - деп, Алматы қаласы цифрландыру басқарма басшысы Баян Қоңырбаев толықтырды.
Сондай-ақ, негізгі сахнадан жаңа өршіл most IT City жобасының басталуы туралы жарияланды. MOST компаниясы "Qazaq Stroy" ЖШС-мен бірлесіп Алматыда "MOST IT City" жобасының тұжырымдамасын пысықтауға кірісті. "MOST IT City" тұжырымдамасы ІТ-кластерді қалыптастыруды және компаниялар, стартаптар, инвесторлар, IT университетінің студенттері мен мемлекеттік органдар бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын және ынтымақтасатын экожүйені дамытуды көздейді. Бұл білім алмасуға, инновациялар құруға және IT секторына инвестициялар тартуға ықпал етеді. Бұл ретте, "MOST IT City" шеңберінде қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарлануда: кеңсе үй-жайлары, коворкинг-кеңістіктер, тұрғын үй кешендері, саябақ, қоғамдық кеңістіктер және тағы басқалар.
CEVF 2023 аясында ЕҚДБ MOST Холдингімен бірлесіп ұйымдастырған "Мағыналы инвестициялар" атты дөңгелек үстел өтті. Бұл сессия тұрақты дамудың маңызды аспектілері болып табылатын ESG (Environmental, Social and Governance) және SDG (Sustainable Development Goals) принциптеріне арналды.
Форумды Алматы қаласының әкімдігі мен цифрландыру басқармасы, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID), Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (EBRD), Freedom Broker, Astana Hub халықаралық технопаркі, цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы Visa компаниясы, Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Дүниежүзілік банк (IFC) тобының мүшесі, Chevron, Impact Hub Almaty, Kcell, Әзірбайжанның инновациялар және цифрлық даму агенттігі, Pasha Holding компаниясы, қазақстандық криптобиржа СаѕріапЕХ, Tumar Venture Fund, the Ultimate Visionary Group, MOST Incubator, UMAY қолдады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін