Қазақстанда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу бойынша мемлекеттік қызмет толықтай онлайн форматқа ауыстырылды. Өтінім беру, құжаттарды қарау, шешім қабылдау және аккредиттеу туралы куәлікті алу процестері енді тек Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезе» цифрлық платформасы – astanahub.com арқылы жүзеге асырылады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті мен Astana Hub бірлесіп, осы қызметті цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын. 2024 жылғы 21 қарашадан бастап өтініш берушілер Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» арқылы құжат тапсыру мүмкіндігіне ие болып, бұл уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жеңілдетуге, уақыт шығындарын қысқартуға және рәсімдеу процесін қолжетімді етуге мүмкіндік берді. Қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер осы жұмыстың келесі кезеңі болып, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар үшін пилоттық цифрлық форматтан толыққанды онлайн аккредиттеу процесіне көшуді бекітті.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 11 ақпандағы №63 бұйрығымен бекітілді. Аталған бұйрықпен «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына тиісті түзетулер енгізілді.
Аккредиттеу туралы куәлік ұйымның немесе зерттеушінің ресми мәртебесін, сондай-ақ оның қызметінің Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін растайды. Аккредиттелген субъектілер келесі мүмкіндіктерге ие болады:
- мемлекеттік гранттарға қол жеткізу;
- ғылыми конкурстарға қатысу;
- инновациялық бағдарламалар мен бастамаларға енгізілу мүмкіндігі.
Өтінімді қайда беруге болады: өтінімдерді қабылдау astanahub.com платформасында мына сілтеме арқылы жүзеге асырылады.
Онлайн формат іске қосылған сәттен бастап Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» арқылы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне 131 аккредиттеу куәлігі берілді. Оның ішінде 96 куәлік жеке тұлғаларға, ал 35 куәлік заңды тұлғаларға рәсімделді.
Аккредиттеу туралы куәлік – уәкілетті органның жеке немесе заңды тұлғаның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін ресми түрде танығанын растайтын белгіленген үлгідегі құжат. Бұл куәлік аталған қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкес келетінін ресми түрде дәлелдейді.