Nomadic Innovation hub: Сингапурда инновациялық IT-хаб ашылды
Сингапурда Nomadiq Innovation hub by Investbanq инновациялық хабының ресми ашылуы өтті. Nomadic Innovation hub – бұл Орталық Азияны Сингапурдың бірыңғай өңірі ретінде ілгерілетуге, сондай-ақ IT-кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастыққа және фаундерлердің мықты қауымдастығын құруға жәрдемдесуге бағытталған жеке бастама.
Хабтың ашылуында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйледі. Министр бұл хаб Сингапурдан жаңа стартап жобаларды тарту нүктесіне айналатынын және түркі елдерінің цифрлық шешімдерді қолдану аймағын кеңейту жөніндегі күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.
«Біз Nomadiq Innovation Hub-қа Қазақстанның мүдделерін білдіретін мақсаттарға қол жеткізуде, атап айтқанда, қазақстандық IT-өнімдер экспортын ұлғайтуда және елімізге инвестициялар тартуда үлкен үміт артамыз. Бүгінгі таңда Қазақстанның стартаптар мен инновациялық жобаларды дамыту мен қолдауда айтарлықтай тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді. Мысалы, бес жыл бұрын біз Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркін іске қостық, ол бес жыл ішінде стартаптар мен олардың құрылтайшыларын қолдауға бағытталған өнімдер мен қызметтердің кең спектрін қамтитын Орталық Азиядағы жетекші технопарктердің біріне айналды. Нәтижесінде, бүгінде Astana Hub резиденттерінің саны 1,403 қатысушыны құрайды, оның ішінде 388 шетелдік компания бар. Сондай - ақ біз Google, Draper University, StartX, Microsoft және Дүниежүзілік банк сияқты жаһандық серіктестерді тартып, азаматтар үшін ең үздік озық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік бердік», - деді Жаслан Мәдиев.
Толығырақ ҚР ЦДИАӨМ сайтында
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
ТОО ASTROBAKERS · Шілде 10, 2024 15:14
👍
Damir Uali · Маусым 23, 2024 00:59
Класс