Олжас Бектенов инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты конференциясына қатысты

Астанада инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтуде. Пленарлық сессияға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, БҰҰ бас хатшысының орынбасары – АТМЭӘК (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана, сондай-ақ үкіметтер көшбасшылары мен технология сарапшылары қатысты.



ЭСКАТО конференциясы аясында цифрлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Олжас Бектенов пен Армида Салсия Алишахбана инфрақұрылым, басқару, мобильділік, өнеркәсіп және сауда салаларындағы цифрлық шешімдердің әлеуеті бойынша пікір алмасты. 2024 жылға арналған Азия-Тынық мұхиты аймағындағы цифрлық трансформация туралы баяндама таныстырылды.

 
 
Премьер-Министр Олжас Бектенов конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзінде Ұйымның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық өркендеуге, әлеуметтік әл-ауқат пен экологиялық тұрақтылыққа ықпал етудегі шешуші рөлін атап өтті. ЭСКАТО 80 жылға жуық уақыт бойы 4 млрд-тан астам адамның өміріне айтарлықтай әсер етіп отыр.

Қазақстан Цифрлы жібек жолын дамыту шеңберінде көрші елдермен бірге Парсы шығанағы елдеріне шығатын Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу жөніндегі жобаны іске асыруда. Интеграция жаңа технологияларды дамыту, ірі Big Tech компанияларын тарту үшін деректерді жинау, сақтау және өңдеудің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға, сондай-ақ қазақстандық IТ-шешімдерді әлемдік нарыққа шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оны іске асыруда Astana Hub халықаралық технопаркі шешуші рөл атқарады, оның алаңында 1400 резидент, оның ішінде 400 шетелдік компания үшін қолайлы инвестициялық ахуал қамтамасыз етілді.

Толығырақ primeminister.kz сайтынан оқуға болады. 

 

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін