Құжат тараптардың инновациялық және озық технологияларды енгізу мүмкіндіктерін жүйелі түрде іздестіру, сондай-ақ индустрия мен технологиялық қауымдастық арасында тиімді өзара әрекеттесу арнасын құру ниетін бекітеді.
Әріптестіктің негізгі бағыты Astana Hub экожүйесіндегі технологиялық компанияларды Солтүстік Каспий жобасы операторының нақты өндірістік міндеттерін шешуге тарту болады.
“Бұл серіктестік – мұнай-газ индустриясы мен инновациялық экожүйе арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа моделіне көшу. Бүгінгі таңда технологиялық серпілістер стартаптардың икемділігі мен ірі компаниялардың ауқымы тоғысқан жерде пайда болады. Бұл Astana Hub үшін қазақстандық және халықаралық стартаптарды нақты өндірістік міндеттер деңгейіне шығарып, олардың шешімдерін тәжірибеден өткізіп қана қоймай, іс жүзінде енгізіп, нақты нәтиже алу мүмкіндігі. Осылайша, инновациялар эксперимент деңгейінен шығып, тұтас салаларды, соның ішінде стратегиялық маңызы зор мұнай-газ секторын трансформациялаудың тиімді құралына айналады”, – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Бұл үдерісте Demo Day форматтары мен арнайы технологиялық сессиялар маңызды рөл атқарады. NCOC өкілдері перспективалы стартаптармен тікелей танысып, олардың әзірлемелерін бағалап, пилоттық жобаларды іске қосу және цифрлық әрі IT-шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін қарастыра алады.
Өз кезегінде Astana Hub технологиялық компанияларды іздеу және іріктеу, кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастыру, шешімдерді көрсетуге қолдау көрсетеді. Бұл өндірістік компания мен инновациялық орта арасындағы өзара іс-қимылды ашық әрі құрылымдалған етуге мүмкіндік береді.
Серіктестік сондай-ақ NCOC-қа Astana Hub-та тіркелген стартаптар, IT-компаниялар мен өндірушілердің кең базасына қол жеткізуге жол ашады. Бұл компанияның технологиялық даму және цифрлық трансформация мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Ынтымақтастық Қазақстандағы ашық инновацияларды дамытуда маңызды қадам болады, мұнай-газ саласы мен Astana Hub экожүйесі арасындағы байланысты нығайтып, экономиканың стратегиялық маңызды салаларына озық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл меморандумға қол қою Қазақстандағы Жасанды интеллект жылы аясында өтті. Бұл мемлекет деңгейінде AI дамыту басым бағыттардың бірі екенін көрсетеді. Инфрақұрылым, нормативтік база және адами капиталды жүйелі дамыту экономиканың негізгі салаларына технологияларды енгізудің ұзақ мерзімді негізін қалыптастырады.