7 қарашада Astana Hub-та өткен жартылай финалға алдын ала іріктеуден өткен қазақстандық технологиялық жобалар қатысты. Қатысушылар өз шешімдерін үш минуттық питч-форматта таныстырып, сарапшылардан кері байланыс алды.
Digital Startup Awards – Орталық Азиядағы технологиялық стартаптарды қолдауға және олардың жаһандық нарыққа шығуына мүмкіндік беруге бағытталған халықаралық бағдарлама. Ал Best Startup Project бағытында масштабталуға дайын әрі өнімін дамытуға бағытталған командаларға ерекше назар аударылады.
Қазылар алқасы құрамына Димаш Қасен (Astana Hub Ventures), Далерхон Нодиров (IT Park Ventures), Павел Коктышев (MOST Holding), Наргиза Ан (White Hill Capital) және Данабек Қалиаждаров (Codiplay) кірді. Сарапшылар жобалардың технологиялық дайындығын, бизнес-моделін, масштабталу мүмкіндігін және халықаралық нарыққа шығу әлеуетін бағалады.
Жартылай финалда 13 стартап өз шешімін ұсынды. Олар жасанды интеллект, бизнес-процестерді автоматтандыру, EdTech, аналитика, цифрлық сервистер және корпоративтік платформалар бағыттарында жұмыс істейді.
Стартаптар тізімі:
Repetino – оқушылар мен тәлімгерлерді жеке сабақтар үшін байланыстыратын онлайн-маркетплейс.
4sell – қызметкерлерді upsell жасауға ынталандыратын, бонустар беретін және орташа чекті 7-10% арттыратын HoReCa секторына арналған AI-сервис.
Umit – тіл мен бас қозғалысы арқылы цифрлық құрылғыларды басқаруға арналған смарт каппа.
Unitap – университеттерге құжат тапсыруға арналған жаһандық платформа.
Multicode – жүк тасымалдау вагондары операторларына арналған ЖИ негізіндегі B2B SaaS жүйе.
MacDent – стоматология клиникалары мен медициналық орталықтарға арналған ЖИ негізіндегі SaaS-ERP жүйесі.
Resti – мейрамхана процестерін тиімді басқаруға арналған құрал.
pwron.ai (Gro.now) – маркетингтік зерттеулер жүргізуге арналған AI-платформа.
CYBERPACK.AI – мектептерге арналған STEAM-экожүйе: инженерлік жинақтар, AI-платформа және K-12 үшін қолдануға болатын оқу әдістемесі.
AgrioPro – фермерлерге арналған суды үнемдейтін «ақылды суару» технологиясы.
Salesbox – сату бөлімінің жұмысын автоматтандырып, өсімге мүмкіндік беретін FMCG дистрибьюторлары үшін жасалған SaaS-платформа.
Moon AI – клиент деректері негізінде ұсынылған микромодельдер арқылы 5 минут ішінде техникалық білімсіз AI-қызметкер жасауға мүмкіндік беретін платформа.
Robi – мектептегі оқу процесін «ақылды басқару» жүйесіне айналдыратын AI-экожүйе: рутинаны азайтып, деректерді көбейтеді және барлық қатысушылар үшін дамуға жол ашады.