Astana Hub жаңадан құрылған IT-стартаптарға арналған қарқынды инкубациялық бағдарлама — Startup Garage бағдарламасының алтыншы легіне өтінім қабылдауды бастады.
Өтінімдер 2026 жылғы 31 шілдеге дейін сілтеме арқылы қабылданады.
Startup Garage — өз идеясын сұранысқа ие өнімге айналдырғысы келетін бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама. Үш ай ішінде қатысушылар өз гипотезаларының өміршеңдігін тексеріп, мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін зерттейді, тұрақты бизнес-модель қалыптастырады және алғашқы сатылымдарға шығады.
«Біздің міндетіміз — стартаптарға идеядан алғашқы сатылымға дейінгі жолды барынша жылдам өтуге көмектесу. Біз кәсіпкерлер өз гипотезаларын тәжірибе жүзінде тексеріп, менторлармен жұмыс істеп, жобаларын масштабтауға қажетті құралдарға ие болатын орта қалыптастырамыз», — деп атап өтті Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Ашимбек Абилгазинов.
Бағдарлама толығымен онлайн форматта өтеді. Бұл Қазақстанның кез келген өңіріндегі стартаптардың бағдарламаға қатысуына мүмкіндік береді. Оқу барысында қатысушыларды апта сайынғы воркшоптар, IT-индустрияның жетекші сарапшыларынан дәрістер және трекерлермен жеке жұмыс күтеді.
Үш ай ішінде командалар Lean Startup, HADI және SMART әдістемелерін меңгеріп, нарықты талдауды, NoCode-құралдарын пайдалануды және сатылымдарды тиімді жолға қоюды үйренеді. Бағдарлама Demo Day форматындағы қорытынды іс-шарамен аяқталады. Оның барысында үздік жобалар өз шешімдерін әлеуетті инвесторларға таныстырады.
Astana Hub инкубациялық бағдарламасының бес легі барысында 1 430-дан астам өтінім келіп түсті, ал бағдарламаға 347 стартап қатысты. Бағдарламаға қатысу кезеңінде командалар шамамен 574 300 АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты және 390 млн теңгеден астам коммерциялық сатылым көлеміне қол жеткізді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- 18 жастан бастап;
- ЖСН мен ЭЦҚ-ның болуы;
- Жобада IT-құрамдастың болуы;
- MCI (немесе MVI) немесе MVP сатысында болуы.
Startup Garage бағдарламасының алтыншы легіне қатысу талаптары мен өтінім беру тәртібі туралы толық ақпаратты Astana Hub-тың ресми платформасынан білуге болады. Орындар саны шектеулі.