Astana Hub Алматы қаласында Central Eurasia Market Entry халықаралық акселерациялық бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама Орталық Еуразия елдеріндегі өз бизнесін ауқымдап, Қазақстан нарығына шығуға дайын жетілген технологиялық стартаптарға арналған.
Цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан халықаралық инновациялық компанияларды тартуға қолайлы жағдай жасап, өңірлік технологиялық орталық ретіндегі ұстанымын нығайтып келеді. Central Eurasia Market Entry шетелдік стартаптарды Қазақстанның инновациялық экожүйесіне кіріктірудің жаңа құралына айналып, олардың нарыққа жылдам шығуына, серіктестер табуына және бизнесті ауқымдауына мүмкіндік береді.
Бағдарлама 12 аптаға есептелген және Product-Market Fit (PMF) пен Scaling кезеңіндегі стартаптарға арналған. Қатысуға алғашқы сатылымдары бар, өнімге деген сұранысын дәлелдеген немесе тұрақты өсім көрсетіп отырған әрі өз шешімдерін Орталық Еуразия нарығының қажеттіліктеріне бейімдеуге дайын компаниялар шақырылады.
Бағдарламаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия, Армения, Ресей, Түркия, Қытай және Моңғолия стартаптары қатыса алады. Бағдарлама қазақ емес, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді, бұл оны халықаралық командалар үшін қолжетімді етеді.
Іріктеу қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысатын ең перспективалы 15 халықаралық стартап таңдалады.
Қатысушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
-
тәжірибелі трекерлер мен халықаралық сарапшылардың менторлығы;
-
Қазақстан нарығына шығу барысында жан-жақты қолдау;
-
өнімдік және бизнес-көрсеткіштерді дамыту;
-
корпоративтік серіктестерге және өңірлік стартап экожүйесіне қол жеткізу;
-
Astana Hub Ventures арқылы инвестиция тарту мүмкіндігі;
-
Almaty Hub кеңістігінде тегін жұмыс орны;
-
бағдарлама барысында командадан екі қатысушыға арналған coliving кеңістігінде тегін тұру.
Бағдарлама халықаралық командаларға Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының инновациялық экожүйесіне енуге мүмкіндік береді. Мұнда дамыған технологиялық инфрақұрылым жайлы қалалық ортамен және Іле Алатауының көркем табиғатымен үйлесім тапқан.
Бағдарлама аясында нарықпен практикалық жұмысқа ерекше назар аударылады. Стартаптар жергілікті компаниялармен пилоттық жобаларды іске асырып, серіктестік орнатып, өз шешімдерін бизнес қажеттіліктеріне бейімдей алады. Бұл тәсіл қатысушыларға бағдарлама барысында өнімді тестілеуден алғашқы коммерциялық келісімшарттарға дейінгі жолдан өтуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның финалы Demo Day форматында өтеді. Онда қатысушылар өз жобаларын жетекші венчурлік қорларға, бизнес-періштелерге, корпоративтік серіктестерге және әлеуетті инвесторларға таныстырады. Үздік стартаптар Astana Hub Ventures шорт-листіне еніп, әрі қарай ауқымдалу үшін инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады.
Central Eurasia Market Entry бағдарламасының іске қосылуы Алматының халықаралық технологиялық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Бағдарлама перспективалы шетелдік стартаптарды тартуға, халықаралық және қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Алматының Орталық Еуразиядағы жетекші инновациялық орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді. Бағдарлама Almaty Hub базасында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Өтінімдер 2026 жылғы 16 тамызға дейін мына сілтеме арқылы қабылданады:
https://astanahub.com/ru/l/marketentry/centraleurasia2026
Astana Hub — Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық инновациялық кластер және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мен цифрлық шешімдер экспортын ілгерілетуге арналған платформа. Экожүйе құрамында 2 200-ден астам технологиялық компания мен стартап бар, олардың шамамен 500-і шетелдік қатысумен жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Astana Hub қатысушыларының IT-қызметтер экспорты 634 млн АҚШ долларына жетті. Astana Hub стартаптарды, инвесторларды, корпорацияларды және технологиялық таланттарды біріктіріп, перспективалы жобалардың ауқымын кеңейтіп, халықаралық нарықтарға шығуына қолдау көрсетеді.
Almaty Hub — Алматы қаласындағы «Астана Хаб» КҚ филиалы. Ол IT-қоғамдастықтың дамуына, стартаптарды қолдауға және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ Astana Hub экожүйесінің бағдарламаларына, біліміне және ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.