Эр-Риядта Al-Farabi Innovation Hub инновациялық хабы ашылды

Эр-Риядта Сауд Арабиясымен бірлескен инновациялық хабтың ашылуы әлемдік нарықтарда өңірлік IТ-шешімдерді және стартаптарды халықаралық деңгейде ілгерілетуді қолдауға сеп болады.


«Қазақстанның стартаптар әзірлеуде айтарлықтай тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді. Мысалы, біз бес жыл бұрын Азия аймағындағы жетекші технопарктердің біріне айналған «Astana Hub» жұмысын бастадық. Google, DraperUniversity, StartX, Microsoft және Дүниежүзілік банк сияқты жаһандық серіктестерді тартып, ең озық шешімдерге жол аштық. Хабтың ашылуы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстарды нығайтуға және экономикалық дамуға сапалы үлес қосады деп сенемін»,- деп атап өтті Бағдат Мусин.

5 жыл ішінде мақсатты KPI – кем дегенде 3 жаңа стартапты дамыту, стартаптарға кемінде 300$ миллион тарту және осы стартаптар ұсынатын 1$ миллиардтан астам қызметті экспорттау.

«Al-Farabi Innovation Hub Орталық Азия мен Кавказдан келген стартаптарға ТШСА нарығына кеңею мүмкіндігін бере отырып, Қазақстанның венчурлық индустриясының инфрақұрылымын толықтырады, бұл 493 млн-ға жуық адам. Бізге көрсеткен қолдауымыз үшін Министр Бағдат Мусиннің атынан ЦДИАӨМ-не алғыс айтамыз. Сондай - ақ Астана хабына және, әрине, Сауд Арабиясының серіктестеріне алғыс айтамыз», - деді Al-Farabi Innovation Hub Бас директоры Аслан Сұлтанов.

Толығырақ ҚР ЦДИАӨМ сайтында

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Поздравляю с открытием и с нетерпением жду будущих успехов этого инновационного хаба!

Жауап беру