Бизнес-Періштелер Мектебінің алғашқы легіне өтінім қабылдау басталды

Astana Venture Club INVESTORO халықаралық инвесторлар ұйымымен бірігіп Astana Hub-тың қолдауымен Бизнес-Періштелер Мектебі басталғанын жариялайды. Екі күндік интенсив бағдарламаға қосылсаңыз, стартаптарды инвестициялау негіздерін үйреніп, венчурлық бизнес саласының сарапшысы – Виталий Полехиннен құнды ақпарат аласыз.


«Дағдарыстан стартаптардың жаңа толқыны туып жатыр және олар unicorn-ға айналып, өз инвесторларына рекордты табыс әкелуде.  Қазір кәсіпкерлер де, инвесторлар да осындай мүмкіндікті іздеп жатыр. Алайда венчур нарығы экономиканың дәстүрлі секторларынан әлдеқайда өзгеше және ерекше қадамды талап етеді. Екі күндік жабық венчурлық онлайн интенсивте сіз стартаптар мен тез дамып жатқан компаниялар  инвесторларының үздік тәжірибелері туралы білім аласыз», - дейді Astana Venture Club-тың негізін қалаушысы және жетекшісі Нұрасыл Жарбасов.

Венчур нарығының нюанстарын түсінгісі келетін және  инвестицияның осы түрін өз портфеліне қосу есебінен табысын арттырғысы келетін Astana Venture Club резиденттері үшін INVESTORO халықаралық инвесторлар ұйымы арнайы екі күндік «Жеке инвесторларға арналған венчурлық капитал» атты тегін интенсивін өткізеді. Интенсивтен сіз: 

- Жеке инвесторлардың әдеттегі стратегиялары және оларды жүзеге асыру тәсілдері;
- Инвестициялық процестің ерекшеліктері мен нюанстары;
- Инвестицияға арналған жобалардың сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау;
- Венчурлік инвестициялардың жоғары кірісті портфелін қалыптастыру қағидаттары туралы білетін боласыз.

Инвестициялық шешім қабылдауға және портфеліңізді тиімді басқаруға көмектесетін құнды ақпарат алып, дағдыланыңыз. Алғашқы лектің дәрісі 17 маусымда басталады. Курс бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, өтінім беру үшін: https://astanaventure.com/see сілтемесіне өту керек.

Сұрақтар бойынша клуб менеджері Динаға хабарласуға болады, байланыс нөмірі: +77005120503.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін