Astana Hub-та Қазақстандағы блокчейн-технологиялар туралы тұңғыш ресми форум өтті

9 желтоқсан күні елордада блокчейн-технологиялар туралы Kazakhstan Blockchain Day тұңғыш форумы өтті. Іс-шара Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы (ҚБТҚ) бастамасымен Astana Hub, «MOST» Бизнес Инкубаторы және Paxaro криптовалюталық активтерді басқару платформасының серіктестігімен ұйымдастырылды.


Форум жұмысына қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, венчурлық инвесторлар, сарапшылар және блокчейн-технологиялар саласындағы стартаптар қатысты. Алаңда индустрия кәсіпқойлары және алғаш қадамдар жасап жатқан адамдар бас қосты.

Кіріспе сөзбен ҚР Цифрлық даму, инновацияар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Елубайұлы Оразбек және Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төралқа төрағасы Исламбек Төлеубайұлы Салжанов сөйледі.

Форум барысында Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Сапар Ахметов блокчейн-технологиялардың маңыздылығын атап өтті: «Біз блокчейн-технологияларға негізделген жобалардың болашақты оң бағытта өзгертіп, азаматтар үшін ашықтық, әділдік және теңдікті қамтамасыз етеді деп кәміл сенеміз. Қазақстан қазір әлемдегі алдыңғы қатарлы орындарға шығып, оны жоғалтпауы тиіс. Сондықтан да біз отандық әзірлеушілерді қолдап, оларға өз өнімдерін жетілдіруге, одан әрі әлемге жылжытуға көмектескіміз келеді».

Блокчейн-техологиялардың келешек дамуы бойынша жоспармен белгілі шетелдік спикерлер бөлісті. Олардың ішінде Ethereum Foundation кеңесшісі Владислав Мартынов, РФ Жоғары экономикалық мектебіндегі оқытушы және блокчейн-евангелист Денис Смирнов және т.б бар.

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің бас директоры Магжан Мадиев айтып өткендей: «Блокчейн технологиялар жаңа бизнес-модельдердің құрылуына мүмкіндіктер береді. Сол себептен біз инвесторлар мен кәсіпкерлерді аталмыш салаға өз назарын аударып, осы салада статаптар құруды сұраймыз.  Astana Hub ондай бастамаларды қолдауға дайындығын білдіреді».

2021 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстан биткоин майнингі бойынша әлемде 2 орынды иеленіп отыр. Егер де екі жыл бұрын майнинг фермалардың саны оң бестен аспаса, қазір олардың саны 50-ге жетіп отыр. Ең ірі фермалар еліміздің солтүстік және батыс оңірлерінде орналасқан. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды мемлекеттік басқару, экономика және бизнес салаларындағы блокчейн-технологиялар дамуы үшін болашағы зор алаңға айналдыру.

«Astana Hub-та Blockchain алғашқы қадамдар жасаушы адамдарды бір алаңға біріктіру – өте қажетті және орынды бастама. Біздің ел үшін бұл үкімет және бизнес арасында жақсы диалог орнатуға тамаша мүмкіндік. Казақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығынан әріптестер майнинг дамыту саласында үлкен жұмыс жасап, осы бағытта зор үлесін қосты. Менің ойымша, біз Blockchain сияқты технологиялардың тек әзірленуі емес, сонымен бірге имплементацисяында әлемдегі алдыңғы қатарлы орындарға ие бола аламыз. Бұл шарада күшті спикерлер сөйлеп, болашақ әлем және оның экономикасы туралы айтады. Бұл болашақ сіз білетіннен әлдеқайда жақын» - дейді Андрей Коков, Paxaro.com криптовалюталық активтерді басқару платформасының негізін қалаушылардың бірі.

Ұйымдастырушылар өз жобасында блокчейн технологияларын қолданатын қазақстандық келешегі зор 10 стартапты таңдады. Питчинг-сессияға қатысушылар 1 млн теңге (1-орын), 500 мың теңге (2-орын) және 250 мың теңге (3-орын) өздерінің IT-өнімдерін әзірлеуге жұмсалынатын ақшалай чектері үшін жарысты.

1 орын. Idos gaming - киберспорттық крипто-ойын;

2 орын. Game hotel - блокчейн ойындарындағы майнингке арналған платформа;

3 орын. Diversifi – криптовалюта активтерін басқаруға арналған техникалық платформа.

 «Біз бұл форумды серіктестермен бірге ұйымдастырып отырмыз. Себебі, біз әлемде блокчейн-технолгиялардың қарқынды дамуы және бұл нарыққа қазақстандықтардың қызығушылығын көріп отырмыз. Венчурлық қор басқарушысы ретінде, осы технологияны пайдаланып, дұрыс бизнес-моделі бар стартаптар көлемді инвестициялар тарта алады деп айта аламын. Жігіттерді тыңдау үшін питч-сессияны асыға күтеміз» - деп қосты Алим Хамитов.

Форум ұйымдастырушылардың бірі, MOST бизнес инкубаторы бас директоры және MOST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитов пікірінше, Kazakhstan Blockchain Day алаңы мемлекет және блокчейн-саладағы ынтагерлер арасында байланыс орнататын буын болады.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

I am John Hall, and I live in California. I was contacted by one Carmen who instructed me to set up an account on a legitimate cryptocurrency exchange to purchase BITCOIN, transfer funds to a Trust Wallet account, and then directed me to transfer funds to the fraudulent trading website “darwave.com”. Over the course of a few months, I made repeat investments into the platform totaling over $30,000. During this time, I was assured that my money could be made back and at one point Carmen offered to send $41,000 of her own assets, plus an additional $8,000 that I previously sent to Carmen as a good faith measure, to supplement my investment on the platform. After the alleged transfer, I was led to believe that I had $234,000 USDT in my account balance as a result of the trade. However, when I tried to withdraw, the website informed me that my account was suspended and that my assets were frozen. After contacting the website’s customer service, I was told that my withdrawal would only be approved when I provide an additional payment outside the platform to pay off the short-term capital gains tax on their profits. At this point I realized the fraudulent nature of the website and reported the incident. A friend then recommended "**RECOVERYCOINGROUP AT GMAIL DOT COM**" who helped recover all my money and then brought down the website so they'll not be able to scam someone else.

Жауап беру

Hey guys, I just wanted to let you know that I recovered 6.26476 BTC I lost to a fake Forex Investment Company. Many thanks to hackrecovery {AT} yandex {DOT} ru, a professional recovery experts and team of hackers I hired to help me track and recover my funds. If there is any way you find Yourself in a similar situation, I will advise you to reach out to these guys. They are the best professionals in the market. I am so glad my funds were recovered through their support, this is one of the best decisions I made this year.

Жауап беру