Astana Hub-та жүргізуші куәлігіне тест тапсыру үшін прокторинг инновациялық жүйесін құру бойынша Pitch Day өтті
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және Astana Hub ұйымдастырған Pitch Day-де 5 стартап конкурстық комиссия алдында сөз сөйлеуге мүмкіндік алды. Қазылар алқасы азаматтардың жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыру кезінде пайдаланылуы мүмкін прокторинг жүйесінің презентациясымен танысты.
"Мемлекеттік корпорация IT-сектордың дамуын және осы саланың инновациялық шешімдерін қолдайды. Pitch day-ге қатысушылар аутентификация, авторизация және қашықтан прокторинг жүйелерін, әкімші интерфейстерін және пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін қоса алғанда, инновациялық IT шешімдердің бірнеше түрін ұсынды. Біз компаниялар мен бағдарлама әзірлеушілерді инновациялық шешімдер ұсынуды жалғастыруға және ел игілігі үшін мемлекетпен ынтымақтасуға шақырамыз" – деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ IT жөніндегі басқарушы директоры Шыңғыс Оразалимов.
Pitch day-ге қатысқан стартаптар:
- MN Partners, скоринг ерекшеліктері бар прокторинг жүйесі, бейне және аудио байланыс арқылы проктормен байланысу, чат, екінші камераны қосу, тірі прокторинг, тест құруға арналған кіріктірілген жүйе, респонденттің сенімін пайыздық қатынаста бағалайтын жан-жақты есептер;
- Oes, онлайн емтихандардың автоматты прокторинг жүйесі; білім беру мекемелеріне, кәсіпорындарға және бизнеске шынайы онлайн-тест өткізуге, ұйымдастырушылық шығындарды азайтуға, уақытты үнемдеуге көмектеседі;
- "Платон" ААЖ жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандар өткізуді, оның ішінде теориялық емтихан тапсыруға өтінімдерді қабылдауды/өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- Oqylyq.kz қашықтан оқыту және білімді бағалау үшін қолданылады. Автоматтандырылған прокторинг және плагиатқа қарсы қосымша модульдер емтиханды/тестті қашықтан объективті және адал өткізуді қамтамасыз етеді;
- Examinator, қашықтан прокторинг және автопрокторинг мүмкіндігі бар емтихан тестінен өту жүйесі.
Конкурстық комиссия мүшелері ұжымдық талқылаудан кейін жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде прокторинг жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу үшін Oqylyq.kz жүйесін таңдау туралы шешім қабылдады. Бұл жүйе биометриялық сәйкестендіруді қарастырады, емтихан кезінде қолдану әрекеттерін тіркейді және талдайды, емтихан тапсырушыны нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді, пайдаланушылардың іс-әрекеттерін тіркейді және емтиханнан өткені туралы сертификатты автоматты түрде жасап береді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін