Ноу код қозғалысының өзектілігі No Code Day барысында айтылды

Жақында Astana Hub-та No Code School бағдарламасы бойынша оқытудың жаңа легі басталады. Жаңадан бастап жатқан стартаперлер, болашақ фрилансерлер және продакт-менеджерлер кодсыз бағдарламалаудың негізгі дағдыларын тегін игере алады.


Оқу басталар алдында хабта No Code Day іс-шарасы өтті, шара кезінде ноу код мүмкіндіктері көрсетілді. Айта кету керек, іс-шара барысында қатысушыларға ноукодердің кодты пайдаланбай Twitter-дің аналогын бір сағат ішінде қалай жасалғаны көрсетті.

«Ноу-код қазір өте өзекті. Бұл автоматтандыру. Кодсыз бағдарламалау даму процесін оңтайландырады, бюджетті, уақытты қысқартады. Біздің елімізде ноукодерлер санының өскенін қалаймыз», - дейді Диас Жұмағалиев,  кодсыз мобильді қосымшаларды әзірлейтін WeLoveFlutterFlow компаниясының негізін қалаушы.

No code day-ге қатысушылар ноукодта қалай ақша табуға болатынын, құралдар, оларды қалай қолдану керектігі туралы және нақты кейстерді білді.

«Технологиялық кәсіпкерлікте тиімді жұмыс жасау үшін ноу код қажет. Бұл қозғалыстың дамуы үшін және No Code идея кезеңінен MVP сатысына өту үшін ең жақсы шешім екенін барлығы білуі үшін біздің қауымдастыққа көбірек әріптестер тарту қажет», – деп атап өтті Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің бас менеджері Дәулет Беймурзинов.

Екі жыл ішінде No Code School-да 2 мыңнан астам студент білім алды. Жаңа ағымға өтінімдерді қабылдау 25 шілдеде аяқталады, сілтеме - https://astanahub.com/l/nocodeschoolbyastanahub.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін