HeRo Study стартапы университеттердің барлық процесін онлайн басқаруға мүмкіндік беретін SaaS-платформа жасап шығарды. 5 жыл ішінде жоба $3 млн-нан астам инвестиция тартып, бүгінде 100 мыңнан аса студентке қызмет көрсетіп отыр. Бұл жол оңай болған жоқ. Алғашқы жылдары команда «бір айлық жоспармен» өмір сүріп, қаржылық алшақтықпен күресті. Соған қарамастан университеттердің сенімін ақтап, жоба тұрақты өсімге шыға алды.
— HeRo Study-ға дейін немен айналыстыңыз?
— 23 жылдық мансап жолымда түрлі рөлде: жеке фаундер, инвестор, теңқұрылтайшы ретінде 30-дан аса стартапты іске қостым. Өндіріс, дистрибуция, ІТ, маркетинг салаларында өзімді сынап көрдім. Кейбір жобалар жабылды, ал кейбірі сәтті экзитке жетті. 2017 жылы Moxie International-ды белсенді дамыттым. Бұл іс-шаралар, ІТ өнімдер және оқытуға арналған контентті қоса алғанда толыққанды экожүйе болды. Алғашында офлайн-семинарлар ұйымдастырудан бастадық. Брайан Трейси, Джон Шоул, Майкл Роуч сияқты спикерлерді шақырдық. Сонымен қатар, әлемдік бизнес-гурулар мен тәжірибелі кәсіпкерлердің курстарын сататын онлайн-платформа құрдық.
— Университеттерге арналған жүйе идеясын қалай таптыңыздар?
— Бір тренингте алдыңғы қатарлы университетінің проректорымен таныстым. Ол өз университетіне арналған бірыңғай басқару жүйесін жасау құнын есептеп беруді сұрады.
EdTech өнімдерін жобалаудағы тәжірибеміздің арқасында бизнес-талаптарды құру, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау, әзірлеу құнын есептеп бердік, шамамен $900 мыңға шықты. Бұны олардың бюджеті көтермеді. Бірақ біз бұл идеяға қызығып, прототипін жасап, оны тағы бес университетке көрсеттік те, әзірлеуге тапсырыс берудің орнына жазылым арқылы төлеуді ұсындық.
Төрт ЖОО қызығушылық танытып, жазылым сатып алды. Осылайша біз монопродуктілік компанияға айналып, HeRo Study-ды іске қостық.
— Сіздің идеяңыз бұрыннан бар шешімдерден төлем формасынан бөлек, тағы несімен ерекшеленді?
— Жазылым — бұл тек төлем формасы емес, бұл мүлде басқа қызмет көрсету моделі. SaaS (Software as a Service) немесе Cloud delivery өнімді үздіксіз жаңартуды және клиентке оның соңғы нұсқасын қолдану мүмкіндігін береді. Low-code тәсілінің арқасында өнімнің бір нұсқасы барлық университетте бірден жұмыс істейді, ал әрбір жаңа функция бүкіл қолданушыға қолжетімді болады.
Қазіргі таңда платформада 75-тен астам модуль және белгілі бір оқу моделіне бейімделетін 300-ден астам параметр бар. Бағдарламалық өнімнің артықшылықтарына келсек, ең алдымен SIS пен LMS-ті бір платформада біріктіруді айтар едім. SIS — студенттер туралы деректерді басқару жүйесі: контингент, пәндер, үлгерім, құжаттар. LMS — оқытуды басқару жүйесі: курстар, материалдар, емтихандар, онлайн-оқыту. Университет үшін барлық мәлімет автоматты түрде өтетін бір жүйеде жұмыс істеген ыңғайлы: мысалы, LMS-те қойылған баға бірден SIS-ке түседі, көптеген ЖОО-ларда әлі күнге дейін қолдан көшіріледі. Әлемде жүздеген SIS және мыңдаған LMS бар, бірақ бірге жұмыс істейтіндері санаулы ғана.
Әрі қарай біз оқу модельдерінің конструкторын жасадық, бұл — ең технологиялық, әрі сұранысқа ие әзірлемелердің бірі болды. Ол өнімді кез келген профильдегі ЖОО-ларға сапа мен уақыт жоғалтпай, оқу процесін құру, бағалау жүйесі, тілдік талаптар және басқа ерекшеліктерге бейімдеп енгізуге мүмкіндік берді. HeRo Study-дің келесі даму кезеңі — пайдаланушының «цифрлық аватар» тұжырымдамасы, яғни жүйеде басқарылатын барлық процесс бойынша 360° аналитикасы. Бұл әрі университетке, әрі студентке мақсатына жетуге көмектеседі.
— Амбиция болып естіледі. Идеядан нақты әзірлеуге көшкенде не болды?
— Бастапқыда тәжірибелі консультанттардың бірі: «ERP класындағы өнімдерді әзірлеудің кіру нүктесі — кем дегенде $1 млн. Бұдан аз болмайды: өнім клиентке ең төменгі деңгейде болса да лайықты функционал беру үшін жеткілікті ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс» деп ескерткен еді. Біз бұған онша мән бермей, іске кірістік. Серіктестеріммен шамамен $200 мың салдық, тағы $100 мыңды бизнес-періштеден алдық. MVP жасап, университеттерге көрсеттік те, әрі қарай сатуға болмайтынын түсіндік, өнім әлі тым шикі еді.
Толығырақ ақпарат Digitalbusiness.kz сайтында.