Сапар барысында журналистерге Astana Hub экожүйесі таныстырылып, оның ішінде білім беру бастамалары, стартаптарды дамыту бағдарламалары және технологиялық бизнеске арналған инфрақұрылым туралы ақпарат берілді. Таныстырылымды Astana Hub халықаралық байланыстар және инвестициялар кеңсесінің директоры Данияр Жұмағұлов өткізіп, хабтың құрылымы мен негізгі бағыттары жайында баяндады.
Қонақтар Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің жұмысымен танысты. Еске сала кетейік, бұл – Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Ол Astana Hub базасында, француз бағдарламашысы әрі педагог Николя Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында жұмыс істейді. Мектеп студенттері 50-ден астам жобаны меңгеріп, Golang, Rust, JavaScript, Python сияқты 20-дан астам бағдарламалау тілін игереді. Оқу соңында студенттер жасанды интеллект инженері, бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі, фулстек-әзірлеуші, мобильді қосымшаларды әзірлеуші және басқа да бағыттар бойынша мамандануға мүмкіндік алады.
Сапар аясында Astana Hub қатысушылары да өз жобаларын таныстырды. Олардың қатарында:
- Gro.now – кәсіпкерлер мен командалардың дамуына арналған білім беру өнімдері, менторлық қолдау және өсім құралдары арқылы бизнесті дамытуға бағытталған жоба;
- Axellero.io – бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған шешімдер;
- Mirai Tech – сенсорлық технологиялар, биомеханика және деректерге негізделген зияткерлік мониторинг және талдау жүйелері;
- Grand Mobile – пайдаланушылардың онлайн өзара әрекеттесуіне және ойын қауымдастығын дамытуға бағытталған мобильді платформа;
- Aman – балалардың қауіпсіздігіне қатысты қауіптер туралы жедел хабарлау және әрекет ету қызметі.
Таныстырылым соңында журналистер стартап-экожүйенің дамуы, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, IT-компанияларды релокациялау шарттары, сондай-ақ Astana Hub қатысушыларына ұсынылатын жеңілдіктер мен қолдау шаралары жөнінде сұрақтар қойды.
Айта кетейік, Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ-мамандарын дайындап, стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 2100-ден астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 500-ден астамы – халықаралық компания. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық шарттар, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.