Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.
Атап айтқанда, мемлекет басшылары жасанды интеллекттің тарихы мен дамуына арналған интерактивті кеңістік – “Технологиялық серпіліс” музейін аралап көрді. Мұнда XVII ғасырдағы философиялық идеялардан бастап заманауи нейрожелілер мен генеративті модельдерге дейінгі AI эволюциясы көрсетіліп, интеллектуалды технологиялардың жұмыс істеу қағидаттары таныстырылды.
Сонымен қатар президенттерге 180 градус проекциямен жабдықталған, жасанды интеллект көмегімен жасалған контент көрсетілетін әлемдегі алғашқы иммерсивті AI Cinema кинотеатры таныстырылды.
Сапар бағдарламасына Astana Smart City бастамасының таныстырылымы да енді. Екі ел көшбасшыларына Қазақстанның цифрлық экожүйесін дамытудың негізгі бағыттары және жасанды интеллектіні білім беру, қалалық инфрақұрылым мен креативті индустрияларға енгізу мысалдары көрсетілді. Орталықтың мүмкіндіктерін таныстыру барысына Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев те қатысты.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткен бұл сапар Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын айқындады.