Astanahub.com платформасында инновациялық гранттарға өтінім қабылданып жатыр
«Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі astanahub.com»-да технологияларды коммерциялау мақсатында инновациялық гранттар байқауына өтінімдер қабылданып жатыр. Іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен Qazinnovations инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің бастамасы негізінде өткізіледі.
Инновациялық гранттар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізу, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау үшін беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін astanahub.com порталындағы онлайн-нысанды толтырып, өтінімге қажетті барлық құжат пен мәліметті тіркеу қажет. Өтінімнің мәртебесін порталдағы жеке кабинет арқылы бақылауға болады.
Байқау жобаны іске асырудың екі негізгі кезеңін қамтиды:
1. Технологияларды 1-кезеңге коммерциялау - 2024 жылғы 8 сәуір-8 мамыр аралығында сағат 18:00-ге дейін. Гранттың ең жоғары сомасы - 20 миллион теңге.
1-кезеңде бизнес-инкубациялық немесе акселерациялық бағдарламаны тәмамдау, ғылыми қызмет нәтижелері немесе өнімнің эксперименттік үлгісінің болуы, 2-5 маманнан тұратын команда, шағын кәсіпкерлік мәртебесі және кемі 10% қоса қаржыландыру талап етіледі.
2. Технологияларды 2-кезеңге коммерциялау - 2024 жылғы 27 мамыр-27 маусым аралығында сағат 18:00-ге дейін. Гранттың ең жоғары сомасы - 80 миллион теңге.
2-кезеңде дайын өнім, маркетинг жоспары, 30% инвестиция, 2-7 адамнан тұратын команда, оның ішінде коммерциялау жөніндегі маман және кемі 10% бірлескен қаржыландыру талап етіледі.
«Естеріңізге салсақ, 2023 жылдың желтоқсанында ҚР Премьер-министрі басқаратын Технологиялық саясат жөніндегі кеңес astanahub.com порталында «Ұлттық инновациялық жүйенің» бірыңғай терезесін іске қосу туралы шешім қабылдады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлі жетекшілік ететін порталдың негізгі міндеті – шешімдерді әзірлеуден бастап, жер қойнауын пайдаланушы компанияларда енгізілгенге дейін Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту. Экожүйе қатысушыларына мемлекеттік қолдау алу, міндеттер бойынша қажеттіліктерді орналастырып, технологиялық шешімдерін табу мүмкіндігі ұсынылған. Айта кетейік, жуырда өзге де уәкілетті органдардан инновациялық қолдау алу үшін өтінім қабылдана бастайды», - деді Жанерке Егеубаева, Astana Hub басқарушы директоры.
Сонымен қатар инноваторлар идеяны дамытудың барлық кезеңінде қолдау ала алады: ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерден (ҒЗТКЖ) бастап оларды барлық салада коммерцияландыру мен экспортқа, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы компанияларда цифрлық шешімдерді енгізуге және т.б. дейін. Енді IT-саласының өкілдері ғана емес, зерттеушілер, инноваторлар, жер қойнауын пайдаланушылар және экожүйенің басқа да қатысушылары порталдағы қолдау қызметтері мен бағдарламаларын пайдалана алады.
Конкурс пен қатысу ережелері туралы қосымша ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді. Грант бойынша кеңесті мына байланыс нөмірлері бойынша алуға болады: +7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303).
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Ermuhambet Calmenov · Мамыр 20, 2024 17:52
Я подал заявку, жду объявления даты питчинга
Arman Zhalgasbayev · Мамыр 14, 2024 01:00
Cool 👍
нурай к · Мамыр 4, 2024 15:22
вау