Қатысуға өтініштер 1 наурызға дейін сілтеме бойынша қабылданады.
Екі айға созылатын Tech Girls бағдарламасы елдің барлық аймақтарын қамтиды. 3 мыңнан астам қыз-келіншектер No Code, Low Code және Beta Career бағыттары бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Білім беру барысында вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, сондай-ақ Techno Women және Astana Hub сарапшылары мен тәлімгерлерімен сессиялар қарастырылған. Оқыту аясында қатысушылар өздерінің IT-өнімін жасап, жетекші IT-компанияларда тағылымдамадан өте алады.
«Tech Girls бағдарламасының қатысушылары IT-өнімдерді тез және тиімді құруға мүмкіндік беретін бірегей дағдыларға ие болады. Мысалы, No Code School қолмен кодтауды қажет етпестен өзекті құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, лендингтер, сайттар, мобильді қосымшалар, чат-боттар және маркетплейстер құру негіздерін үйретеді. Low Code бағдарламалаудың минималды дағдылары бар қосымшаларды әзірлегісі келетіндерге жарамды, ал Beta Career курсы беделді IT-компанияларда мансаптық консалтинг және кәсіби бағдарламалау саласындағы тәжірибелі мамандардан әңгімелесуден сәтті өту үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынады», - деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.
Мұндай бағдарламалардың маңыздылығын 2023 жылы іс қосылған IT-Aiel бағдарламасының табысты тәжірибесі дәлелдей түсті. Соның арқасында Қазақстанның 17 өңірінен 2 мыңнан астам жұмыссыз әйел ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Биыл да IT-Aiel бағдарламасы өз жалғасын табады деп күтілуде.
«Tech Girls - бұл жас қыздардың ақпараттық технологиялар саласындағы әлеуетін ашу мүмкіндігі. Біздің мақсатымыз - жас ұрпақты IT саласында табысты мансапқа қажетті дағдылармен қамтамасыз ету арқылы қолдау. Бұл тек таланттарды дамытуға ғана емес, Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағына да инвестиция, - деп атап өтті ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Алина Әбдірахманова.
«Technowomen ұйымының миссиясы - цифрлық әлемде қыздар мен әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашу. Біз технологиялық салалардағы әйелдер санын 45% -ға дейін арттырғымыз келеді. Сондықтан біздің ұйым Tech Girls бағдарламасына тәлімгерлік қолдау көрсетеді және қыздарды кәсіптік бағдарлауда, сондай-ақ олардың цифрлық құзыреттерін арттыруда сүйемелдейтін болады», - деп атап өтті ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «TechnoWomen» КЕҰ басқарма төрағасы Әзиза Шужеева.
TechGirls бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін Astana Hub қолдау қызметіне 2222 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.