ШИК аясында ЦДИАӨМ бірегей ІТ-көрме ұйымдастырды
2023 жылы 8 маусымда «Экономиканың цифрлық трансформациясы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің (бұдан әрі-ШИК) 35-ші пленарлық отырысы өтуде. Іс-шара Қазақстанның стартап-индустриясы өкілдері мен Шетелдік инвесторлары кеңесінің мүшелері кездесіп, нәтижелі ынтымақтастықты дамытуға бағытталған алаң.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жиын аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік, жасанды интеллект, өндіру процестерін оңтайландыру, экологиялық мониторинг және бағдарламалық қамтамасыз етуді интеграциялау бағыттары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарда Индустрия 4.0 элементтерін енгізетін қазақстандық IT-компаниялардың қатысуымен тақырыптық бірегей IT көрме ұйымдастырды. Іс-шарада бизнес-процестерді автоматтандыру, активтерді басқару, су ресурстарының мониторингі, EdTech, электрондық оқыту, қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйелері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дербес басқару және денсаулық сақтау саласын цифрландырумен қатар, қызметі кең ауқымды салаларды қамтитын қазақстандық IT компаниялар мен мемлекеттік органдардың 49 инновациялық шешімі ұсынылды. Бұл компаниялардың іс-шараға атсалысуы шетел инвесторлары үшін цифрлық экономика саласын дамыту мен ілгерілетуге ықпал етіп, әртүрлі инновациялық шешімдер және енгізілетін қазақстандық жобалармен танысуға мүмкіндік туғызады.
ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысы аясындағы IT-жобалар көрмесі туралы ақпарат
Көрмеге 38 стенд қойылды:
AI, MedTech, VR, SAAS саласындағы сегіз стартап:
1. CEREBRA
2. GoatChat
3. Black Ice AI
4. Sergek Group
5. Med 365
6. ROQED
7. NEURON OIL
8. Daitan
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізетін 10 IT-компания осы бағыттар бойынша жұмыс істейді: өнеркәсіптік қауіпсіздік, жасанды интеллект, өндіру процестерін оңтайландыру, экологиялық мониторинг, бағдарламалық қамтамасыз етуді интеграциялау:
1. Advanced Business Technologies (ABiTech)
2. KAZPROM AVTOMATIKA
3. Цифра Казахстан
4. Awara IT
5. OST Engineering
6. Target AI
7. Koktem Technologies
8. СACG
9. «AG Tech» ЖШС
10. «Norsec Delta Projects» ЖШС
Екі мұнай өндіруші кәсіпорын – «Цифрлық кен орны» (Digital SmartField) технологияларын таныстыратын «Каспий Мұнай» АҚ және «Kazpetrol Group» ЖШС.
Спорттық бағдарламалау және робототехника бойынша чемпион-балалар:
Робототехника бойынша тоғыз команда - жасанды интеллект, роботтандыру, жаңартылатын энергия көздерін қолдану арқылы жоба әзірлейтін қазақстандық оқушылар.
Робототехника бойынша халықаралық чемпионаттардың рекордсмендері мен жүлдегерлері.
Шетел инвесторларының алты компаниясы:
1. Polpharma
2. GE Healthcare
3. Veon
4. Microsoft
5. ERG
6. AIR Liquide
Екінші деңгейдегі банктер:
1. «Халык Банк» АҚ
2. «Freedom Bank» АҚ
3. «Каспи Банк» АҚ
Компаниялар:
1. «MyCar» ЖШС
2. «Aitas Group» ЖШС
3. EPAM
«ҰАТ» АҚ және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жобаларымен:
1. Egov.kz
2. Smart Data Ukimet
3. Minerals.gov
4. AquaScan
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін