QazTrade және Astana HUB IT-қызметтерді экспортқа бірлесіп ілгерілететін болады
«QazTrade» және «Astana HUB» IT - стартаптардың халықаралық паркі» отандық IT-әзірлемелерді сыртқы нарықтарға ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қол қою Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR 2021) жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық жаһандық дөңгелек үстелдің IV отырысы алаңында өтті.
«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы түсініктеме бергеніндей, құжат қызметтер экспортын арттыру бойынша екі компанияның бірлескен жұмысына бағытталған.
Бұдан басқа, ынтымақтастық бағыттарының бірі Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту бойынша бірлескен жұмыс болмақ.
Іс-шара 2017 жылдан бастап жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтеді және ол өзін мемлекет пен Халықаралық бизнес-қоғамдастық арасындағы тиімді диалог алаңы ретінде танытты.
Бүгінгі таңда QazTrade экспортқа бағдарланған IT-жобаларды қолдау жұмысын бастады. Ағымдағы жылы экспорттық акселерация бағдарламасы шеңберінде халықаралық сарапшылардың скорингтік іріктеуінен өткен және БАӘ мен Өзбекстан нарығына шығу бойынша барынша жоғары экспорттық әлеуеті бар 10 IT-компания қатысады. Оның ішінде 7 компания БАӘ нарығына шығуды көздеп отыр.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін