«Қазақстанда мықты стартаптарды көргеніме қуаныштымын» - StartX өкілі
Stanford University жанындағы StartX бизнесті дамыту бағытының жетекшісі Darsh Singh Mann Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінде болды. Ол Қазақстанға инновациялық экожүйені және стартаптардың мүмкіндіктерін зерттеу үшін келді.
Қонаққа технопарк бойынша экскурсия жүргізілді, Alem бағдарламалау мектебінің жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтылды. Бұдан басқа, Google for Startups және Astana Hub Silkway accelerator бірлескен бағдарламасының қатысушылары Smart Portfolio, FocusED, Idos Games, Naimi.kz, Tripsome, Beyne.ai, сондай-ақ Rocked (Vardix) өз жобаларын ұсынды.
«Қазақстанда мықты стартаптарды көргеніме қуаныштымын. Даму үшін үлкен әлеуетті атап өткім келеді», - деді Darsh Singh Mann.
StartX - бұл кәсіпкерлердің, салалық сарапшылардың, Стэнфорд университетінің штаттық профессорларының қоғамдастығы. Стэнфорд студенттеріне арналған Student-in-Residence (SIR) бағдарламасы әр стартапқа 8 мың долларға дейін қаржылық көмек ұсынады. StartX компаниялары орта есеппен 7,2 млн доллар инвестиция тартты.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін