2023 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық даму министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті
Алқа жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, министрлік басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты. Бас директор Мағжан Мәдиев Astana Hub халықаралық технопаркі қызметінің нәтижелері туралы айтты.
Қатысушылар арасында сондай-ақ Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау, Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев, «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» Бас директоры Мағжан Мәдиев және IT-нарық өкілдері де болды.
Министр Бағдат Мусин өткен жылғы жұмысты қорытындылады, сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Министрдің айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн режимінде қолжетімді, ал олардың басым бөлігі, яғни 85%-ы ұялы телефоннан қолжетімді. 2023 жылы бірқатар жаңа цифрлық қызметтер іске қосылды, мысалы: ипотеканы рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе сату, VIP нөмірлерді брондау, автокөліктерді заңдастыру және цифрлық нотариат. Сондай-ақ, бүгінде 51 қызмет жиі қолданылатын коммерциялық банктерде қолжетімді.
«Цифрлық сервистерді пайдаланудың өсу динамикасы біз таңдаған модельдің, атап айтқанда адамға бағытталған тәсілдің дұрыстығын растайды. Цифрландырудың да экономикалық әсері бар. Халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша қызықты факт: ХҚКО мен ІІМ ақпараттық жүйелерінің үздіксіз интеграциясынан кейін алымдар сомасы іс жүзінде 9 есе өсті»,- деп атап өтті Бағдат Мусин.
Цифрлық даму министрлігі жұмысының тағы бір маңызды бағыты – IT-қызметтерді экспорттау.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтердің экспорты жоспарлы 500$ млн жетеді. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді, жалақы, салықтар төленеді. Өткен жылдың 9 айында IT-қызметтердің көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға өсіп, 734 млрд теңгені құрады.
Толығырақ сілтеме бойынша
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
Daniil Bart · Наурыз 27, 2024 15:01
👍
Alizhan Nurgazy · Наурыз 21, 2024 09:59
👏