Seed Money 4.2: Astana Hub қаржыландыру бағдарламасының 5-легіне өтінім қабылдау жүргізіліп жатыр
Astana Hub халықаралық технопаркі Seed Мoney 4.2 стартаптарды қаржыландыру бағдарламасына өтінім қабылдай бастады. Бағдарлама шеңберінде болашағы зор стартаптар даму кезеңіне байланысты 20 миллион теңгеге дейін қаржыға қол жеткізе алады.
Қатысуға өтініштер мына сілтеме арқылы 9 маусымға дейін қабылданады.
Қаржыландырумен қатар басқа өңірлерден келген стартаптарға Astana Hub коворкинг кеңістігінде тегін жұмыс орны берілсе, барлық қатысушыға сала сарапшыларының кеңестері, B2B/B2G-кездесулер, инвесторлармен және бизнес-періштелермен нетворкинг ұсынылады.
Бағдарламада келесі бағыттарға басымдық беріледі: AI, Blockchain, Defence Tech, Game Dev, Space Tech, Hardware және Smart City. Seed Money-ге қатысу үшін стартап мынадай даму кезеңінің біріне сай болуы шарт:
MVP – минималды, бірақ бірінші тұтынушыларды қанағаттандыруға жеткілікті функциялары бар;
PMF – нақты нарықтың қажеттілігін қанағаттандыратын және тұтынушылар үшін құндылығы бар;
SCALE – жаңа нарыққа шығу үшін тұтынушылар сегменттерін және/немесе басқа әрекеттерді кеңейту арқылы сату көлемін кеңейту кезеңі.
Бағдарламаға қатысу үшін жоба жетекшісін қосқанда, кемінде үш негізгі қатысушыдан тұратын команда болуы керек. Жоба жетекшісі өнімділікті және процестерді бақылауды қамтамасыз ету үшін басқа жұмыспен айналыспауы тиіс. Сондай-ақ қаржыландыруға өтінім беру және серіктестермен, клиенттермен, инвесторлармен жұмыс істеу үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету қажет болғандықтан, үміткердің заңды тұлғасы болуы керек.
Seed Money 2021 жылы іске қосылғаннан бері дамудың әртүрлі кезеңіндегі 45 жоба 5-24 миллион теңге аралығындағы сомаға қаржыландырылды. Стартаптардың 67%-ның табысы артып, қарқынды дами бастады. Қаржыландыру Astana Hub-тың жеке қаражаты есебінен Revenue Share моделі арқылы жүзеге асырылады, яғни стартаптар 5 жыл ішінде барлық қаражат жұмсалғаннан кейін 1% және технопарк қатысушысы ретінде 1% төлем жасауы тиіс. Бұл қаражат IT-индустриясы экожүйесін одан әрі дамыту үшін қолданылады. Атап айтқанда, қаражаттың бір бөлігі Seed Money бағдарламасы аясында стартаптарды қаржыландыруға жұмсалады.
Бағдарлама бойынша қосымша кеңестерді платформа немесе 1818 қысқа нөмірі бойынша Astana Hub колл-орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Alexandr Timofeyev · Там. 26, 2024 11:55
🔥🔥🔥
ТОО ASTROBAKERS · Шілде 10, 2024 15:13
да. хотелось бы тоже найти шаблон заявки
Гулзат Оиыкбаева · Маусым 9, 2024 13:40
есть шаблон заявки для заполнения?