Silkway Accelerator 2024: финалға қандай стартаптар шықты?
Қатысуға ниет білдірген 238 стартаптың тек 15-і ғана Astana Hub пен Google for Startups-тың Silkway Accelerator атты бірлескен бағдарламасы бесінші легінің ақтық кезеңіне өтті. Жобаларды Орталық Азия елдерінің білікті сарапшылары мен Google for Startups өкілдерінен тұратын арнайы комиссия іріктеді.
Үздіктер қатарында: қазақстандық ab.ai, Alaqan, Beksar, biny.co, Car Parking Multiplayer, CheckDoc, Courstore, Grand Mobile, kook, Prometei мен WeGlobal.a, өзбектің Al Chiroq пен UYSOT жобалары, қырғыздық Neobis, сондай-ақ Моңғолияның Lambda Global стартабы бар.
Финалистер өз жобаларын таныстырып, алдағы жоспарларын талқылаған дәстүрлі Opening Day іс-шарасына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, Google for Startups сарапшылары Асқар Айтуов пен Ольга Скороходова, бағдарламаның жетекші трекері Дмитрий Безносюк, сондай-ақ қазақстандық IT-қауымдастық өкілдері қатысты.
«Қазақстанға, кәсіпкерлер мен стартаптарға арналған мұндай ауқымды әрі маңызды бастама үшін серіктестеріміз бен Google for Startups компаниясына алғыс айтқым келеді. Бағдарламаның жетістіктері де бар: 1300-ден астам жедел іске қосылған жоба, $400 миллионнан астам сомаға бағаланған 50-ге жуық стартап және қатысушылар тартқан $26 миллион көлеміндегі ортақ инвестиция. Бұл – үлкен нәтиже әрі бастамасы ғана. Министрлік тарапынан мұндай жобаларға қолдау көрсетіп, ұйымдастыруға қажетті барлық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге ұмтыламыз», – деді Жаслан Мәдиев, ҚР ЦДИАӨМ басшысы.
Жаңа лектің ашылу салтанатында Google компаниясының Орталық Азия және Закавказьедегі үкіметпен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Ольга Скороходова Astana Hub-пен әріптестіктегі Silkway Accelerator Орталық Азияда өткізілетін бағдарламалар арасында көшбасшы екеніне тоқталды.
«Біз идеалист болуымыз мүмкін. Бірақ технологияны әрбіріміз бетпе-бет келетін әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуде пайдалану керек деп санаймыз. Astana Hub-тағы әріптестерімізге серіктестік үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан мен Орталық Азия цифрлық технологиялар саласында көш бастауға қажетті артықшылыққа ие екеніне күмәніміз жоқ. Сондықтан жаһандық компания ретінде өңірде технологиялық инновацияларды енгізіп жатырмыз», – деді Ольга Скороходова.
Silkway Accelerator барысында стартаптың 2 қатысушысына тұрғын үй, халықаралық қатысушылар үшін визалық қолдау, сондай-ақ Google for Startups пен Astana Hub-тан оқыту мен тәлімгерлік қамтылған. Оқыту Астанада офлайн форматта өтеді, технологиялық жобалар 3 ай бойы Google-дың үздік сарапшылары өткізетін шеберлік-сағаттар мен тәлімгерлікке тегін қол жеткізе алады. Қатысушылар тиімді бизнес-процестерді меңгереді, масштабтауды, серіктестік байланыстарды орнатуды және инвестиция тартуды үйренеді.
Еске салсақ, Қазақстан – Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін бірінші және жалғыз мемлекет. Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының тиімділігі мен өнімділігін ескере отырып, Google for Startups 2024 жылы Astana Hub-пен эксклюзивті серіктестігін жалғастырады. Бағдарламаның бірінші, екінші, үшінші және төртінші легінің қатысушылары туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.
Пікірлер 4
Кіру пікір қалдыру үшін
Inju Baltabekkyzy · Там. 16, 2024 14:39
Іске сәт!
Асылбек Аленхан · Там. 8, 2024 13:21
👏👏👏
Zhasmina Dybysbay · Шілде 11, 2024 18:05
Необис вперед!
АСАН ШАКАБАЕВ · Шілде 11, 2024 11:31
Крутая статья!