Жаңа легке 15 елден 373 өтінім түсті. Олардың қатарында Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ұлыбритания, БАӘ, АҚШ, Үндістан, Украина және өзге де мемлекеттер бар. Өтінімдердің шамамен 60%-ы Орталық Азия елдерінен келген. Бұл аймақтың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті технологиялық шешімдер ұсынатын өңірге айналып келе жатқанын көрсетеді.
Панельдік талқылауға Silkway Accelerator түлектері қатысып, өз өнімдерін шетел нарығында дамыту тәжірибесімен бөлісті. Олардың қатарында Prometei компаниясының бас директоры Дәулет Батырбек, gro.now компаниясының бас директоры Таня Плотникова және Biometric.Vision компаниясының бас директоры Әлібек Наримбаев бар. Сессияны Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев жүргізді.
“Silkway Accelerator бағдарламасы өңір стартаптары үшін маңызды кезең – жергілікті деңгейден халықаралық нарыққа шығу үдерісіндегі алшақтықты қысқартуға бағытталған. Қатысушылар халықаралық менторлар, сарапшылар, инвесторлар желісіне және Google for Startups серіктестерімен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл оларға бизнес-модельді жетілдіруге, инвестиция тартуға дайындалуға және жаңа нарықтарға шығу стратегиясын қалыптастыруға көмектеседі. Бағдарлама іске қосылған төрт жыл ішінде 1470 өтінім қабылданып, соның тек 73 стартапы ғана іріктеуден өтіп, акселерацияны аяқтаған. Бағдарлама түлектері жалпы сомасы 48 млн доллардан астам инвестиция тартып, олардың жиынтық бағалануы 500 млн доллардан асқан”, – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Сессия барысында қатысушылар акселератордың компания дамуына әсері туралы айтып өтті. Атап айтқанда, өнім стратегиясын қайта қарау, инвестиция тартуға дайындық, халықаралық серіктестер табу және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктері сөз болды.
Солардың бірі – Prometei платформасы. Бұл B2B шешім кәсіпкерлер мен компанияларға бірнеше маркетплейсте сатылымды бір жүйе арқылы іске қосып, кеңейтуге мүмкіндік береді.
“Silkway Accelerator командаға өңірлік кеңеюді жүйелі түрде қарастыруға, жаңа нарықтардың ерекшелігін түсінуге және бизнес-модельді нығайтуға көмектескен. Соның нәтижесінде компания Alibaba 1688 платформасымен тікелей серіктестік орнатып, пайдаланушыларға жүздеген миллион тауарға қол жеткізу мүмкіндігін ашқан. Қазір Prometei Өзбекстан нарығына шығуды бастап, алдағы уақытта Орталық Азия, Әзербайжан және Таяу Шығыс елдеріне кеңеюді жоспарлап отыр”, – дейді Prometei компаниясының бас директоры Дәулет Батырбек.
Акселерация бағдарламасы 12 аптаға созылады және дайын өнімі мен сұранысы қалыптасқан командаларға арналған. Қатысушылар Almaty Hub инфрақұрылымын, жұмыс кеңселерін, халықаралық командаларға қолдау мүмкіндіктерін пайдалана алады. Сонымен қатар, Google Cloud қызметтеріне 100 мың долларға дейінгі грант, Google Workspace құралдары және халықаралық сарапшылармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады. Бағдарлама Demo Day форматындағы финалдық іс-шарамен аяқталады. Үздік командалар Astana Hub Ventures арқылы инвестиция тартуды жалғастыра алады.
Айта кетерлігі, 2026 жылғы 4–5 мамыр күндері Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық технологиялық көрмесі өтіп жатыр. Іс-шара цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып, 60-тан астам елден мемлекеттік органдар, технологиялық компаниялар, стартаптар мен инвесторларды біріктіреді. Көрменің мақсаты – Орталық Азия мен Кавказ өңірінің технологиялық әлеуетін нығайту.
Анықтама үшін:
Almaty Hub – Алматы қаласындағы Astana Hub филиалы. Ол IT-қоғамдастықты дамытуға, стартаптарды қолдауға және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, Astana Hub экожүйесінің білім беру, ресурстық және бағдарламалық мүмкіндіктеріне қолжетімділік береді.