Батыс Қазақстан облысының жүздеген жоғары сынып оқушысы Jaiq Hub қолдауымен IT-компаниясының грантын алу үшін бақ сынап жатыр

Батыс Қазақстан облысында ауыл оқушыларына әлеуметтік көшбасшылық және жобалық қызмет бойынша білім беру курсынан өтуге, сондай-ақ жаңа инновациялық университеттің грантына бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін бірегей көшбасшылық бағдарламасы басталды.


Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің 10-сынып оқушылары Beginit by inDrive тегін білім беру бағдарламасы аясында берілетін гранттарға өтініш бере алады. Бастама Astana Hub халықаралық технопаркі және аймақтық Jaiq Hub-пен серіктестікте іске қосылды. Оқу аясында мектеп оқушылары әлеуметтік көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша курстан өтіп, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобалар жасауды үйренеді. Алматының тау бөктерінде орналасқан лагерьде балалар еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрдастарымен танысып, бизнес пен шығармашылық сала жетекшілерінен құнды кеңес алады. Курстан өткеннен кейін қатысушылар өз аймақтарындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін ұсына алады. Финалистер бағалы сыйлықтарға ие болып, inDrive бас директоры Арсен Томский Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтқан Алматыдағы inVision U жаңа инновациялық университетінің толық грантының жеңімпазы болады.

«Оралда біз өз өңірінде де, жаһандық ауқымда да оң өзгерістер тудыратын көптеген жаңа тұлғаларды таба алатынымызға сенімдімін. Кезінде бұл қалада сұранысқа ие тележүргізушілердің біріне айналып қана қоймай, өзінің ықпалын пайдалана отырып, жұртшылықтың  және халықаралық қауымдастықтың назарын аударған отбасылық зорлық-зомбылық туралы таңғажайып фильм түсіре білген Баян Алагузова туып өсті. Ол әлеуметтік көшбасшы ретінде елдегі жағдайды өзгерту үшін көп жұмыс істеп жатыр, заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар жасайды және проблемалар туралы ашық айтып, олардың шешімдерін ұсынады», - деп атап өтті Beginit InDrive жобасының жетекшісі Ерсайын Қабдрашев баспасөз мәслихатында.

Өткен аптада Жамбыл облысында іріктеу басталды. Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік көшбасшыларды анықтауға және қолдауға бағытталған Beginit тегін жастар бағдарламасы жақын арада Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында да басталады.

«Jaiq Hub және InDrive серіктестігі жастарға жаңа мүмкіндіктер береді. Біз бірге өңіріміздегі білім саласын дамытуға және жас таланттарды қолдауға үлкен қадам жасап жатырмыз. Жыл бойы ауыл мектептерінің 100-ге жуық оқушысы өңіріміздегі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін өз жобаларын жасап, жүзеге асырады», - деп бөлісті Astana Hub-тың Батыс Қазақстан облысындағы өңірлік менеджері Омарбек Тәшім.

Бүгін, 13 қарашада Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде іріктеу кезеңі басталады. Баспасөз конференциясынан кейін Jaiq Hub, AspanDrone және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті арасында өзара ынтымақтастық және стартап мәдениетін бірлесіп дамыту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Бағдарламаға қатысу және іріктеу кезеңі туралы қосымша ақпарат алу үшін  +7 705 343 06 12 телефон нөмірі бойынша Ерсайын Қабдрашевке хабарласуға болады.

Astana Hub – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, ІТ саласындағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 1317 IT-компания Astana Hub-тың қатысушысы саналады, оның ішінде 365-інің шетелдік үлесі бар. Олар материалдық инфрақұрылыммен қамтылған,  бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысып, арнайы салықтық және визалық режимдерді пайдаланады, ақпараттық-білім беру қолдауына ие.

inDrive – штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. InDrive қосымшасын 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген, әлемдегі көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша болып табылады. Бұдан бөлек, InDrive қалааралық қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтер тізімін дамытып келеді. inDrive әлемнің 40-тан астам елінде бар.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін