Отандық ApartX стартапы Big Sky Capital мен Activat-VC венчурлық қорынан 250 мың доллар инвестиция тартты

ApartX жобасының командасы seed раундының сәтті жабылғанын және Big Sky capital венчурлық қорынан 200 мың доллар, сондай-ақ Activat-VC венчурлық компаниясынан 50 мың доллар қаржы тартылғанын хабарлады.


Бұл инвестициялар стартапқа өз мүмкіндіктерін кеңейтуге, нарықтағы орнын нығайтуға және жылжымайтын мүлікті жалға беру индустриясындағы мәселелерді еңсеруге мүмкіндік береді. Стартап мәміленің екі жағына да сенімді келісімшарттар, тиімді басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жалдау үдерісін жеңілдетуге және жақсартуға тырысады.

Big Sky Capital және Activat-VC болашағы зор технологиялық стартаптарды инвестициялауға маманданған ірі венчурлық қорлар. Олар ApartX-тің үлкен әлеуетін байқап, оның жылжымайтын мүлікті жалға беру нарығында жаңа тәсіл енгізіп қана қоймай, оның зор трансформациялық күшін мойындады. Сонымен қатар, ApartX-тің меншік иелері мен жалға алушылардың өмірін жақсарту және жеңілдету миссиясын толығымен қолдайды.

Әділ Нұрғожин, Big Sky Capital басқарушы серіктесі:

«Біз Қанаттың жұмысын көптен бері мұқият қадағалап келеміз, осы уақыт аралығында Қанаттың бойынан және оның бірегей жобасының құрылымынан болашақта қажетті болатын қасиеттерді көрдік. Біз ApartX жобасының, оның инновациялық тәсілінің әлеуетіне және өз миссиясын сәтті жүзеге асыра алатынына нық сенеміз. ApartX жылжымайтын мүлікті жалға беру саласындағы жетекшілік орынға ие болып, осы салада жаңа стандарттар мен инновацияларды ұсынуға дайын. Олар ұсынатын SaaS шешімінің ауқымын өзге нарықтарда да қолдануға болады, бұл Big Sky үшін жақсы белгі».

ApartX командасы хабарлағандай, қаражат келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге жұмсалады:
1. Технологиялық даму: ApartX өз платформасын одан әрі жетілдіруге күш салады. Инвестициялардың арқасында стартап ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды күшейтіп, білікті мамандарды тарта отырып, платформаның функционалдығын жақсартады.
2. Ауқымын арттыру және нарықты кеңейту: ApartX жаңа аймақтарға еніп, нарықтағы үлесін арттыруды жоспарлап отыр. Big Sky Capital қорының инвестициялары стартапқа нарықтағы қатысуын арттыруға және саладағы негізгі ойыншылармен стратегиялық серіктестіктер орнатуға мүмкіндік береді. Малайзия, Индонезия, Сингапур, Вьетнам және Тайланд нарықтарына шығу жоспарлануда.

Қанат КЕЛДІБЕКОВ, ApartX стартапының негізін қалаушы:

«Big Sky Capital компаниясының қомақты инвестициялары және Әділ НҰРҒОЖИН мен Жан ҚАРСЫБАЕВ сынды мықты серіктестердің қолдауымен, біз жылжымайтын мүлікті жалға алудың қарапайым және қауіпсіз үдерісі арқылы адамдардың өмірін жақсартуды жалғастыруға бел будық. Қор мен оның құрылтайшылары инновациялық жобаларды қолдау және олардың табысқа жетуіне көмектесуде бай тәжірибе мен табысты жетістіктерге ие. Олардың инвестициялары біздің экспансиямызды жеделдетуге, өнімді жақсартуға және командамызды нығайтуға көмектеседі. Big Sky Capital-мен бірлесе арқаратын ісіміз, бізге жаңа биіктерді бағындыруға және жалға берілетін жылжымайтын мүлік ландшафтын өзгертуге көмектесетініне сенімдіміз».

ApartX – жалға берілетін мүлікті қашықтан басқаруға арналған платформа және мобильді қосымша. Инновациялық стартап меншік иелері мен жалға алушылар үшін SaaS шешімін ұсынады. Енді пәтерлерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға беру нарығы айқын болады. ApartX жалға алушылар мен меншік иелерін байланыстыра отырып, жылжымайтын мүлікті жалға алудың инновациялық шешімін көрсетеді. ApartX-тің мүлікті жалға берудегі бірегей тәсілі қазірдің өзінде кең аудиторияның назарын аударып, пайдаланушылардың оң пікірлеріне бөленді.

Startup ApartX – Astana Hub халықаралық технопаркінің мүшесі, Road Show Astana Hub халықаралық бағдарламасының мүшесі. 2018 жылы стартап «Қазақтелеком» АҚ нұсқасы бойынша ең үздік IoT стартапы деп танылды. Digital Bridge 2021 халықаралық технологиялық форумында ол «Жыл стартапы» номинациясында үздік деп танылды және IT саласының дамуына қосқан үлесі үшін Astana Hub Awards сыйлығын алды. Astana Hub және Google for Startups 2023 - Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының қатысушысы.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін