Сессияға өңірдің жетекші даму институттарының өкілдері қатысты: IT Park Uzbekistan бас директорының орынбасары Лазизбек Худаев, GITA Georgia төрағасы Автандил Касрадзе және IDDA Azerbaijan инновациялық экожүйе жетекшісі Талех Каримли. Сессияны Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев жүргізді.
Қатысушылар тек инфрақұрылым мен салықтық жеңілдіктерден бөлек, технологиялық хабтарды дамытуға әсер ететін негізгі факторларды талқылады. Негізгі назар толыққанды инновациялық экожүйе құру, халықаралық компанияларды тарту, жасанды интеллектіні дамыту және жоғары білікті кадрларды даярлау мәселелеріне аударылды.
«Біз өңірдегі технологиялық бизнес пен стартаптарды дамыту үшін қуатты экожүйе құруға ұмтыламыз. Astana Hub халықаралық инвесторларды белсенді түрде тартып, стартаптардың ауқымды өсуіне арналған платформалар қалыптастырып жатыр. Google for Startups, Draper University және Alchemist Accelerator сияқты әлемдік көшбасшылармен серіктестік жаһандық нарықтарға шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Hero Training және Silkway Accelerator бағдарламалары кәсіпкерлерге өз позицияларын нығайтуға көмектеседі. Біз Орталық Азия мен Кавказдың жаһандық инновациялар орталығына айналып келе жатқанына сенімдіміз», – деді Таңат Өскембаев.
«Орталық Азия цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласында көшбасшы болуға үлкен әлеуетке ие. IT Park Uzbekistan стартаптарды идеядан бастап жаһандық нарыққа шығуға дейін қолдайды. Astana Hub-пен бірлесіп біз Central Asian Innovation Hubs жобасын іске қостық, ол стартаптарға АҚШ, Қытай, БАӘ және биыл Малайзиядағы акселерациялық бағдарламалар арқылы халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар өңірдің технология мен AI саласында жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді», – деп атап өтті Лазизбек Худаев.
Сессия барысында жасанды интеллект тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар ұлттық AI-стратегиялардың теориядан практикаға көшуін және AI-стартаптарды қолдау бойынша нақты қадамдарды талқылады. Сонымен қатар, жоғары білікті мамандарды даярлау ғана емес, оларды өңірде ұстап қалу және өз жобаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды екені айтылды.
Қорытынды бөлімде Орталық Азия мен Кавказды біріктіретін Silk Road Tech Corridor құру мүмкіндігі қарастырылды. Бұл бастама өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты күшейтуге жол ашуы мүмкін.
Еске сала кетейік, GITEX AI Kazakhstan 2026 көрмесі 2026 жылғы 4–5 мамыр күндері Алматыда өтті. Іс-шара цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып, 60-тан астам елден мемлекеттік органдар, технологиялық компаниялар, стартаптар мен инвесторларды біріктірді.