Тіл-Қазына және Astana Hub ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Astana Hub халықаралық технопаркі жаңа технологиялар саласында қазақ тілін дамытуға және насихаттауға бағытталған әріптестік туралы меморандумға қол қойды.


Келісім цифрландыру мен ақпараттандыру саласы бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды көздейді. Тараптар цифрлық ортада қазақ тілін дамытуға және таратуға ықпал ететін заманауи бағдарламалық өнімдер мен деректер базасын енгізу бағытында жұмыс істейді.

«Бұл келісім негізінде жаңа технологиялар саласындағы қазақ тілінің қолданылуы мен тілге қатысты цифрлы жобаларды жүзеге асыруда өзара тәжірибе алмасу, бірлескен IT жобалар мен хакатондар өткізуге уағдаластық. Бұл іс-шаралар қазақ тілін цифрландыру және үйрету үрдістерінде жұртшылықты ақпараттандырып, қызығушылығын арттыруға бағытталған», - деді Мақпал Жұмабай, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры.

«Меморандум шеңберіндегі бастамаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік тілдегі жобаларды дамытуға бағытталған хакатондар, челлендждер, ақпараттық сессиялар, онлайн-кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланды», - деді Таңат Өскембаев, Astana Hub басқарушы директоры.

Естеріңізге салсақ, Astana Hub халықаралық технопаркінде  ұлттық мәдениетті насихаттауға және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосатын инновациялық жобаларды әзірлеумен айналысатын қатысушы саны артып келеді.

Бұл бағытта стартаптар әртүрлі өнімдер - білім беру платформалары мен мобильді қосымшалар, ұлттық дәстүрлер мен ертегілерге негізделген мультимедиялық жобалар жасап, сондай-ақ қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін жасанды интеллект негізіндегі технологияларды енгізуде. Стартаптар туралы қосымша ақпаратты astanahub.com платфомасынан білуге болады. 

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

Еще можно с управлением языков договариваться

Жауап беру