Қазақстандағы Apple тренинг орталығы: Бірінші лек түлектері жасаған әзірлемелерін таныстырды
Apple Authorised Training Centre for Education бағдарламасына 400-ден астам өтінім арасынан 60 студент іріктелді. Оқыту барысында 40 түлек iOS-та мобильді қосымшаларды құруға қажет барлық дағдыны игеріп, Develop in Swift курсын тегін үйренді. 1-лек қорытындысы бойынша Astana Hub алаңында Demo Day ұйымдастырылып, қатысушылар бағдарлама шеңберінде әзірлеген қосымшаларын ұсынды.
Студенттер 4 ай бойы заманауи Apple өнімдерімен жабдықталған орталықта білім алып, әзірлеушілерге қажетті құралдарға қол жеткізді. Оқытуды сертификатталған Apple Trainer Смағұл Негматов жүргізді. Оның жетекшілігімен түлектер құнды дағдыларды меңгеріп, SnapKit пен Alamofire кітапханалары көмегімен iOS-қа арналған алғашқы жобаларын жасады.
«Astana Hub көмегімен студенттер заманауи бағдарламалау тілдерін меңгеріп келеді. Курсымыз өте қарқынды өтті. 4 ай ішінде көптеген жоба жүзеге асырылып, бұрын-соңды Swift-ті білмеген студенттердің көпшілігі осы бағдарламалау тілін үйренді. Енді олар junior маман болып, өз жобаларын іске асыра алады немесе Software Engineer лауазымы бойынша қызмет етулеріне болады. Курста олар қажетті дағды мен қабілетті игерді. Түлектер әр алуан: енді мектеп қабырғасынан түлеп ұшқандар да, тәжірибелі мамандар да бар. Осылайша, салаға деген жоғары қызығушылықты аңғарамыз», – деді Смағұл Негматов, сертификатталған Apple Trainer.
Қатысушылар бағдарлама шеңберінде бірқатар қосымша әзірледі. Атап айтқанда, акция инвестициясын бақылауға арналған Stocks қосымшасы; миллиондаған әнді қолжетімді етіп, сандық қызмет ұсынатын Music Player; Truth Or Dare API көмегімен үстел ойындарында ұтылғанды кездейсоқ анықтайтын Challenger; қолда бар өнімдерден тағам әзірлеу жолдарын табуға мүмкіндік беретін Recipe Finder; мектеп оқушыларына тәлімгер іздеуге көмектесетін Qolda App; матч кестесі мен футбол жарыстарының нәтижелері қамтылған Football Insights; фильмдер топтамасын ұсынатын CinemaPhile; пластик карталарды цифрландыратын Cardless; web 3-ті coingecko v3 apk және exchange rate api көмегімен бақылап, нақты баға және конвертация қызметін ұсынатын AniTrack бар; ал JU арқылы автокөлік жуу қызметтерін брондауға болса, Music Bliss танымал музыкалық қызметтің негізгі функцияларын ойнататын Spotify клонына жатады.
Барлық түлек Astana Hub және Apple Authorised Training Centre курсын аяқтағанын растайтын ресми сертификатқа ие болды. Бұдан бөлек ерекше көзге түскен студенттер мына номинациялар бойынша марапатталды:
- Үздік таныстырылым жасаған студент: Айбек Игизбаев пен Әлима Қассенқазы;
- Ең тәртіпті студент: Нұрсұлтан Қонспаев;
- Ең айтулы прогреске ие студент: Диас Шабаров;
- Зор әлеуеті бар студент: Денис Кононов;
- Ең жүйелі көзқарасы бар студент: Нұрсұлтан Кабулов.
Түлектер iOS-әзірлеу бағытында одан әрі дамуға ниетті және VisionOS-тың жетілдірілген бағытын игеруге кірісті. Айта кетейік, жуырда оқытудың «Vision OS-тегі даму негіздері» атты екінші легі басталады. Ескеретіні, қатысуға ниет білдіргендер Swift-ті білуі қажет.
Пікірлер 5
Кіру пікір қалдыру үшін
Sergio Ligato · Там. 30, 2024 13:44
🔥🔥🔥
Alexandr Timofeyev · Там. 23, 2024 15:49
🔥🔥🔥
Inju Baltabekkyzy · Там. 16, 2024 12:22
Успехов выпускникам!
Асылбек Аленхан · Там. 8, 2024 12:54
Керемет бастама!
ЕРКЕН УСИНОВ · Там. 7, 2024 08:12
Good news!