Пікірталасқа жасанды интеллект, деректер талдауы, ойын индустриясы және технологиялық кәсіпкерлік салаларында еңбек етіп жүрген мамандар мен кәсіпкерлер қатысты. Атап айтқанда, графтық нейрондық желілер инженері Алан Салимов, Datanomix компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Никита Сусоев, SimplYou жобасының негізін қалаушы Юлия Пимпе және MyTona компаниясының жаһандық операциялар жөніндегі аға менеджері Иннокентий Сидоров өз ойларымен бөлісті. Сессияны Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев жүргізді.
Қатысушылар Қазақстанның шетелдік мамандар, кәсіпкерлер мен технологиялық компаниялар үшін тартымдылығын арттырып отырған негізгі факторларды талқылады. Олардың қатарында дамып келе жатқан экожүйе, қолайлы кәсіпкерлік орта, өмір сүру сапасы, өңірлік нарықтарға шығу мүмкіндігі және жобаларды кеңейтуге жағдай жасалуы бар.
«Trusted Kazakhstan еліміздің жаһандық цифрлық экономикамен ықпалдасқан, ашық әрі бәсекеге қабілетті технологиялық орта қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағытын көрсетеді. Қазақстан халықаралық IT және AI мамандары, кәсіпкерлері мен технологиялық компаниялары ұзақ мерзімді жұмыс істеп, ауқымын кеңейтетін елге айналып келеді.
Біз IT-таланттарды тарту тетіктерін дамытып жатырмыз. Олардың қатарында Digital Nomad Visa, Digital Nomad Residency және E-residency бар. Сонымен бірге, өмір сүру мен жұмыс істеуге арналған тұтас инфрақұрылым қалыптастырудамыз – мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктен бастап заманауи қалалық шешімдерге дейін. Бұл тек мамандарды тартуға ғана емес, білім алмасу, команда дамыту және жаңа құзыреттер қалыптастыру арқылы адами капиталды күшейтуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде технологиялық кәсіпкерлік пен IT-экспорттың тұрақты өсуіне негіз қаланады», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.

Сессия барысында спикерлер Қазақстандағы өмірі мен жұмысы туралы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, өз жобаларын дамыту, мансаптық таңдау, көшу үдерісі және жергілікті технологиялық ортаға бейімделу жайында әңгімеледі. Сонымен қатар, жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамыту және Қазақстанның Орталық Еуразия нарығына шығудағы маңызды рөліне ерекше назар аударылды.
«Қазақстанда өткен бес жыл ішінде адами капиталға деген сұраныс пен цифрлық трансформацияның қаншалықты артқанын көрдім. Осы уақыт ішінде мен тек мансап құрып қана қоймай, отбасы құрдым. Сондықтан бұл мен үшін жай ғана нарық емес, болашағымды байланыстыратын елге айналды. Біз командамен бірге елдің ірі компаниялары үшін жобалар жүзеге асырып жатырмыз. Олардың қатарында “Қазақтелеком”, Halyk Bank, Magnum және басқа да нарық көшбасшылары бар. Біздің IT-қызметтеріміз шетел нарықтарына да шықты – Өзбекстаннан АҚШ-қа дейін. Бұл жолда Digital Nomad бағдарламасының маңызы зор болды. Мемлекет пен Astana Hub бюрократиялық кедергілерді азайтқанда, мамандар технологияға, стратегияға және инновацияға көбірек назар аудара алады. Цифрлық көшпенді мәртебесі маған ертеңгі күнге сенім беріп, өз тәжірибемді Қазақстанның IT-экожүйесін дамытуға бағыттауға мүмкіндік берді», – деді Datanomix компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Никита Сусоев.

Сессияда адами капитал мәселесіне де ерекше мән берілді. Қатысушылардың пікірінше, жасанды интеллект пен цифрлық экономиканың дамуы мықты кәсіби қауымдастыққа, сапалы білім беру бастамаларына, халықаралық тәжірибе алмасуға және талантты мамандарға қолайлы жағдай жасауға тікелей байланысты.
Айта кетерлігі, 2026 жылғы 4–5 мамыр күндері Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Іс-шара цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, 60-тан астам елден мемлекеттік органдар, технологиялық компаниялар, стартаптар мен инвесторларды біріктіреді. Көрменің басты мақсаты – Орталық Азия мен Кавказ аймағының технологиялық әлеуетін арттыру. Іс-шараны GITEX жаһандық операторы inD компаниясы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Astana Hub және Алматы қаласы әкімдігімен серіктестікте өткізуде.