Компания бас директорының айтуынша, BEKSAR – ТМД бойынша мұндай модельді ұсынған жалғыз компания. Осы POS-құрылғы көмегімен кәсіпкерлер қымбат жабдыққа қаражат жұмсамай, өз бизнесін дамытуға назар аудара алады.
«Біздің міндетіміз – технологиялық инновацияларды әрбір кәсіпкер үшін қолжетімді ету. Бастапқы инвестициясыз POS-құрылғыларды жалға алу әртүрлі тауар топтарын ұсынатын бөлшек сауда дүкендеріне цифрландыру процесін жеңілдетуге септігін тигізеді. Бұл операциялық тиімділікті арттыруға және ақылды автоматтандыру көмегімен шығынды азайтуға бағытталған офлайн-бөлшек саудаға арналған басты шешім», – дейді Мақсат Бектібаев, BEKSAR бас директоры.
BEKSAR – бөлшек саудада бизнесті автоматтандыру және басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін қазақстандық стартап. Ол 2021 жылы құрылды. Жоба кәсіпкерлерге сатылым мен қорды тиімді басқаруға көмектесіп, Қазақстан бойынша 3000-нан астам сауда нүктесіне қызмет көрсетіп келеді. Жыл басында стартап 4,8 миллион долларға бағаланып, 305 мың доллар инвестиция тартты. Қазір BEKSAR Astana Hub және Google for Startups-тың Silkway Accelerator бағдарламасында акселерациядан өтуде, сондай-ақ Glovo Startup Competition аясында 10 мың еуро мен Барселонаға жолдама ұтып алды.