Ақмола облысында өңірлік IT-хаб ашылды
Көкшетау қаласында Aqmola IT Hub өңірлік технопаркінің ашылуы өтті. «Smart Aqmola» КММ базасында Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркімен бірлесіп құрылған бұл инновациялық орталық Ақмола облысындағы IT-саласын дамытудың негізгі алаңына айналуды көздеп отыр.
Aqmola IT Hub негізгі міндеті – ІТ-стартаптарды құру және дамыту, сондай-ақ ІТ мамандарын оқыту және аймақтағы ІТ қауымдастығын қолдау. Мұнда жергілікті IT мамандарының біліктілігін арттыруға және инновациялық жобаларды дамытуды ынталандыруға бағытталған түрлі шаралар, тренингтер мен конференциялар өткізіледі.
Технопарктің ашылуы аясында IT мамандарын даярлау мақсатында жеке тұлғаларды оқытуды қаржыландыруды қарастыратын Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Алдағы 6 айда 18 бен 45 жас аралығындағы 40 студент Kokshelab және Ozen.Vision жеке IT мектептерінде Python және Data Analytics тілінде бағдарламалау бойынша білім алады. Әрбір студент 600 000 теңгеге дейін грант ала алады, бұл грантты аккредиттелген жекеменшік оқу орындарында әртүрлі IT мамандықтары бойынша оқуға жұмсауға болады.
Tech Orda бағдарламасы Ақмола облысы әкімдігінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Ол ІТ саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған және аймақтағы ІТ саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жыл басынан бері Astana Hub және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен ашылған 10-шы өңірлік IT-хаб. Қазіргі уақытта Қазақстанның аймақтарында мына IT-хабтар жұмыс істейді: Abai IT Valley (Семей), Kyzylorda Hub (Қызылорда), Digital Jetisu (Талдықорған), Zhambyl Hub (Тараз), Oskemen IT Hub (Өскемен), Jaiq Hub (Орал), Түркістан IT Hub (Түркістан), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ.), Qostanai It Hub (г. Костанай).
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Елжан Маханбет · Қаз. 19, 2023 18:03
надеемся на хорошую конкуренцию