Ақтауда әлеуметтік көшбасшылықты дамытуды көздейтін халықаралық жобаның іріктеу кезеңі өтті
17 қазанда Ақтау қаласы Yessenov университетінде мектеп оқушыларына арналған Beginit Central Asia by inDrive халықаралық жобасының іріктеу туры өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық оқушы, олардың ата-аналары мен мұғалімдер, сондай-ақ Mangystau Hub өңірлік менеджері Айгерім Мажтай мен Beginit Central Asia by inDrive жобасының координаторы Самат Саяқов қатысты.
Іріктеу барысында оқушылар лидерлік қабілетін анықтауға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындап, осы дағдыны дамытудың маңызын білді. Әлеуметтік жобаға арқау болатын идеяларды талқылап, өзекті мәселелерді шешу жолдары жайлы көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар арнайы тест тапсырмаларын орындады. Оның қорытындысы бойынша, үздіктер келесі кезеңге жолдама алады.
«Beginit Қазақстанның аймақтарындағы талантты балаларды қолдауға басымдық бере отырып, сапалы білім ұсынады. Айта кетсек, биылғы маусымда әлеуметтік білім беру бағдарламасы Қазақстанның 10 облысын қамтиды. Бағдарлама 10-сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытып, идеяларын нақты жобаларға айналдыруға ықпал етіп, жаңа көкжиектер ашады. Жобаны inDrive компаниясы Astana Hub халықаралық технопаркімен және iQanat қорымен бірлесіп іске асырады. Өткен маусымда іріктеуге ұсынылған 800-ден астам өтінім ішінен 37 оқушы финалға өтті. 7 жеңімпаз шетелде оқытуы қарастырылған сапарларды, ҰБТ-ға дайындық курстары мен компьютерлерді сыйға алды. 18 қатысушы inVision U инновациялық университетінің Foundation Year бағдарламасына шақырылды», – деді Самат Саяқов, Beginit Central Asia by inDrive жобасының координаторы.
Іріктеуден сәтті өткеннен кейін оқушылар әлеуметтік көшбасшылық негіздерін үйреніп, қоғам өміріне белсенді қатысудың маңызын түсінетін білім беру модуліне өтеді. Оқыту барысында олар өз қалалары мен ауылдарындағы өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды әзірлеп, таныстырады. Сондай-ақ осы жобаның бас серіктесі – Astana Hub-тың өңірлік өкілдіктерінің инновациялық орталықтарында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады.
«Beginit Central Asia by inDrive білім беру бағдарламасы мектеп оқушыларына жас әлеуметтік көшбасшылар қауымдастығының бір бөлігі болып, жеке бастамаларды жүзеге асыруға көмектесетін дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның үздік финалистері inVision U университетінің Foundation Year бағдарламасына шақырылып, шетелде оқыту қарастырылған сапар гранттарын, ҰБТ-ға дайындық курстары мен ноутбуктерді ұтып ала алады», – деді Айгерім Мажтай, Mangystau Hub өңірлік менеджері.
Аталған жоба білімнің және әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын айқындап, оқушыларға өз идеяларын қоғам мен қауымды өзгерте алатын шынайы бастамаларға айналдыруға ықпал етеді.
Пікірлер 11
Кіру пікір қалдыру үшін
Расул Шаримов · Қар. 15, 2024 11:35
👍
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:07
👍
Laura Meir · Қаз. 21, 2024 12:01
👏🏽👏🏽👏🏽
Lain Iwakura · Қаз. 21, 2024 11:35
👍🏻👍🏻
Zhanibek Duisenbek · Қаз. 20, 2024 16:37
👍🏻👍🏻
Zhanibek Duisenbek · Қаз. 20, 2024 16:37
👍🏻👍🏻
ШОЛПАН МУХЛИС · Қаз. 19, 2024 23:48
вперед 👏🏽👏🏽👏🏽
Arman Zhalgasbayev · Қаз. 19, 2024 22:34
Cool 👍
Руслан Жалғасбек · Қаз. 19, 2024 02:33
👍
Lain Iwakura · Қаз. 18, 2024 23:30
👍👍👍
Almas Urazbekov · Қаз. 18, 2024 12:13
Еще один шаг...