Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында GITEX AI Kazakhstan көрмесі 2026 жылғы 4-5 мамыр күндері Алматыдағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында өтеді. Оған 60-тан астам елден саясаткерлер, технологиялық компаниялар, стартаптар мен инвесторлар қатысады. Іс-шараның басты мақсаты – Орталық Азия мен Кавказ аймағын әлемдік технологиялық хабтардың қатарына қосу үдерісін жеделдету.
Көрме Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен ұйымдастырылып жатыр. Ұйымдастырушылар қатарында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Алматы қаласының әкімдігі бар.
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев:
«Қазақстан өңірлік ЖИ хабы мәртебесіне үш негізгі тетік арқылы ұмтылуда. Біріншісі – GPU-суперкластерлер арқылы жергілікті есептеу қуатын дамыту, олардың бірі министрлік қарамағында және әлемдік топ-86 қатарына кіреді. Екіншісі — институционалдық негіз: жасанды интеллект туралы заң қабылданып, Астана қаласына арналған үш жылдық цифрлық стратегия бекітілді. Үшіншісі — кадр даярлау жүйесі, оның ішінде TUMO Astana жобасы арқылы жастарға тегін, тәжірибеге негізделген білім беру жүзеге асырылуда. Сонымен қатар EXPO кешенін халықаралық ЖИ орталығы ретінде қайта іске қосу – еліміздің жинақталған инфрақұрылымдық және институционалдық әлеуетін нақты нәтижелерге айналдырудың дәлелі. Біздің мақсат – осы мүмкіндіктерді мемлекеттік сектор, әлеуметтік сала және экономика үшін өлшенетін нәтижелерге айналдыру», – деді.
Алматы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов:
«Алматы – Қазақстанның IT саласындағы басты орталығы. Мұнда елдегі барлық IT компанияның шамамен үштен бірі шоғырланған, ал олар жалпы IT қызметтер көлемінің 52 пайызын қамтамасыз етеді. Қала стартаптар, инвестициялар мен инновациялар үшін тартымды орталық ретінде қалыптасып келеді. GITEX AI Kazakhstan Алматының идеялар, капитал және әріптестік тоғысатын цифрлық болашақтың орталығына айналып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді», — деді.
Digital Bridge директоры Дания Ахметова:
«GITEX AI Kazakhstan 2026 іс-шарасының жаһандық ауқымда ұйымдастырылуы және Astana Hub-тың тең ұйымдастырушы ретіндегі қатысуы еліміздің технологиялық экожүйесі үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, бұл қадам халықаралық нарықтарға шығуға, инвестициялар мен жаһандық серіктестіктерді тартуға, сондай-ақ озық технологиялар мен сараптамалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде жобалар жедел дамып, ұлттық шешімдердің қолданыс аясы кеңейе түседі, бұл өз кезегінде саланың тұрақты өркендеуіне және Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің артуына оң ықпал етеді», – деп атап өтті.
Көрмені GITEX-тің жаһандық операторы inD ұйымдастырып отыр. Бұл компания әлемдегі ең ірі технологиялық платформалардың бірін Еуразияның жүрегіне алып келіп жатыр. Соңғы жеті жылда Қазақстанның технологиялық экожүйесі Dealroom.co деректеріне сәйкес 18 есе өсіп, 26 млрд долларға жеткен.
GITEX AI Kazakhstan аясында 300-ден астам компания мен стартап, 150 спикер және 100 инвестор қатысады деп күтілуде. Платформа халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, жаһандық нарықтарға шығуға және егемен жасанды интеллектіден бастап инвестициялар мен адами капиталды дамытуға дейінгі өзекті тақырыптарды талқылауға арналған маңызды алаң болмақ.