Іс-шараны inD компаниясы ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Алматы қаласының әкімдігі серіктестігімен өтуде.
GITEX AI Kazakhstan 2026 өткізілуі Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытуға, цифрлық трансформацияға және жаһандық технологиялық экожүйеге интеграциялануға бағытталған жүйелі саясатын көрсетеді. Форум инновацияларды дамытуға қолайлы орта қалыптастыру, инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру құралына айналып отыр.
Іс-шара Қазақстандағы Жасанды интеллект жылы аясында өтіп, AI бағытының мемлекеттік деңгейдегі басымдығын айқындайды. Инфрақұрылым, нормативтік база және адами капиталды жүйелі дамыту технологияларды экономиканың негізгі салаларына енгізудің ұзақ мерзімді негізін қалыптастыруда.
Соңғы жеті жылда елдің технологиялық экожүйесі 18 есеге өсіп, $26 млрд-қа жетті (Dealroom.co деректері бойынша). Форум бұл үрдісті жалғастырып, 300-ден астам компания мен стартапты, 150 спикерді және әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам инвесторды біріктірді.
GITEX AI Kazakhstan 2026 технологиялық көрмесі аясында Astana Hub стенді ұсынылды. Мұнда халықаралық инновациялық кластердің экожүйесі, сондай-ақ Astana Hub платформасы мен мобильді қосымшасының мүмкіндіктері көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша қазақстандық Rekreate AI, Postureletics, Cyber Temple, Rekreate AI, Rette, Mirai Tech, Axellero стартаптары Astana Hub стендінде өз шешімдерін таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Қатысушылар қатарында әлемдік технологиялық көшбасшылар бар: Cisco, Google Cloud, Huawei, Dell, Lenovo, Salesforce және басқалар. Олар инфрақұрылымнан бастап мемлекеттік цифрлық жүйелерге дейінгі нақты технологиялық шешімдерін ұсынуда.
Сонымен қатар, ұлттық цифрлық экономиканың негізін қалыптастырып отырған қазақстандық компаниялар да кеңінен ұсынылған: Kazakhtelecom, Kcell, Beeline Kazakhstan және Akashi Data Center.
Форум инвестициялық бағытты да күшейтуде: 28 елден келген 100-ден астам инвестор (жалпы активтері $200 млрд-тан асады) өңірді жаңа өсім нүктесі ретінде қарастыруда. Олардың қатарында Sturgeon Capital сияқты халықаралық қорлар бар. Негізгі назар 100-ден астам стартапқа, оның ішінде Astana Hub және IT Park Uzbekistan экожүйелерінің жобаларына аударылған.
Іскерлік бағдарлама жасанды интеллект, финтех, киберқауіпсіздік, Индустрия 4.0 және «ақылды» энергетика сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. 60 елден келген 150-ден астам спикер цифрлық экономиканың болашағын, инвестициялар мен адами капиталды дамыту мәселелерін талқылауда. Олардың қатарында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев және халықаралық сарапшы Кай-Фу Ли бар.
Форум аясында стартаптар мен венчурлық нарықты дамытуға ерекше көңіл бөлінген. NXT Stage алаңында жобаларды масштабтау мәселелері талқыланса, Supernova Pitch финалистері өз шешімдерін жаһандық инвесторларға таныстыруда.
Осылайша, GITEX AI Kazakhstan 2026 Қазақстанның аймақтағы технологиялар мен жасанды интеллект орталығы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі. Форум халықаралық диалогқа, инвестиция тартуға және инновациялық экономиканы дамытуға тұрақты платформа қалыптастырып, елді Орталық Азия нарығына кіру нүктесіне айналдырып отыр.