Astana Hub алаңында халықаралық Glovo PowerUp стартаптар байқауының финалы өтті. Байқауға өтінім берген 107 қатысушының ішінен Қазақстанның AI және B2B бағытындағы ең үздік 10 стартапы финалға жолдама алды. Питч-күннің қорытындысы бойынша екі үздік команда басты жүлдеге — Glovo компаниясының Барселонадағы штаб-пәтерінде толық қаржыландырылатын тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Ал үшінші орын иегері компанияның тең құрылтайшысы Саша Мишомен эксклюзивті онлайн-менторлық сессияға қатысу мүмкіндігін жеңіп алды.
Финалда стартаптар өз жобаларын халықаралық сарапшылар алқасына таныстырды. Қазылар алқасы жобалардың инновациялық деңгейін, коммерциялық әлеуетін және жаһандық нарықта ауқымдау мүмкіндігін бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды маркетплейстердегі сатушыларға арналған AI-негізіндегі бірыңғай платформа Prometei иеленді. Платформа тауарларды іріктеу, контент жасау, тапсырыстарды басқару, баға белгілеу, қорларды бақылау және маркетинг құралдарын бір жүйеге біріктіреді.
Екінші орын жасанды интеллект модельдерін оқытуға қажетті деректерді жинау және валидациялауға арналған NCSpeech платформасына бұйырды.
Үшінші орынды B2B-процестерді, кадрлық электрондық құжат айналымын және персоналды басқаруды автоматтандыруға арналған Prosper Pay fintech-платформасы иеленді.
Байқаудың басты жүлдесі — Glovo компаниясының Барселонадағы штаб-пәтерінде толық қаржыландырылатын тағылымдамадан өту мүмкіндігі болды. Бұл мүмкіндікке бірінші және екінші орын алған Prometei мен NCSpeech командалары ие болды. Ал қола жүлдегер Prosper Pay командасы Glovo компаниясының тең құрылтайшысы Саша Мишомен эксклюзивті онлайн-менторлық сессияға қатысу мүмкіндігін жеңіп алды.
Glovo PowerUp — испаниялық Glovo технологиялық компаниясының сервистің қатысу географиясындағы көптеген елдерде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жаһандық бастамасының бір бөлігі әрі Astana Hub-пен бірлесіп іске асырылған екінші жоба. Бағдарлама жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті шешімдер әзірлей алатын кәсіпкерлерді қолдауға, бизнес-модельдерді дамытуға, стартаптардың жаңа нарықтарға шығуына және ұзақ мерзімді серіктестіктер қалыптастыруға бағытталған. Байқау қазақстандық технологиялық шешімдерді халықаралық деңгейде таныстыруға және отандық стартаптардың жаһандық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды.
Финалға Қазақстандағы 10 стартап өтті:
Delever – мейрамханалар мен бөлшек саудаға арналған онлайн тапсырыс беру және жеткізу бойынша бірыңғай платформа. Ол барлық сату арналары мен операциялық процестерді біртұтас экожүйеге біріктіреді.
Electi – әлемнің жетекші BigTech компанияларындағы техникалық сұхбаттарға дайындалуға арналған AI-платформа. Платформа жеке прогресті бақылауды, FAANG инженерлерімен mock-сұхбаттарды және бүкіл үдерісті сүйемелдейтін AI-көмекшіні біріктіреді.
gro.now – компанияларға деректер негізінде стратегиялық шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік беретін AI-нарықтық талдау платформасы. Ол AI-агенттерді, бәсекелестік талдауды және нарықтық зерттеулерді біріктіреді.
Kwaaka – кез келген қосымшада, соның ішінде суперқосымшаларда, банктерде, электрондық әмияндарда және мобильді платформаларда мейрамхана коммерциясын іске қосуға арналған инфрақұрылымдық шешім.
NCSpeech – жасанды интеллектіні оқытуға арналған деректерді жинау және валидациялау бойынша микротапсырмалар инфрақұрылымы.
Prosper Pay – B2B-процестерін, кадрлық электрондық құжат айналымын және персоналды басқаруды бір экожүйеде автоматтандыруға арналған fintech-платформа.
SHAI Regula AI – құжаттардың реттеуші талаптарға сәйкестігін автоматты түрде талдайтын AI-агент. Ол ішкі құжаттаманы халықаралық және жергілікті стандарттарға сәйкес тексереді.
STIKER.AI – WhatsApp, Telegram және Instagram арқылы сату процестері мен клиенттермен коммуникацияны автоматтандыруға арналған AI-операциялық жүйе.
TapHR – жаппай іріктеуге арналған AI-платформа. Ол кандидаттармен автоматты түрде байланысады, бейне сұхбаттар өткізеді, кездесулерді жоспарлайды және кандидаттарды жұмыс ұсынысына дейін сүйемелдейді.
Prometei – маркетплейстердегі сатушыларға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін AI-платформа. Ол тауарларды іріктеу, контент жасау, тапсырыстарды, бағаларды, қорларды және маркетингті басқару мүмкіндіктерін біріктіреді.