Astana Hub Сауд Арабиясынан келген инвесторларды қарсы алды

Elm Company делегациясы Astana Hub жұмысымен танысып, бірқатар стартап жобаларды зерттеді.


Elm Company - Сауд Арабиясы Қаржы министрлігінің үкіметтік инвестициялар бөліміне тиесілі саудиялық акционерлік қоғам. Сауд Арабиясынан келген қонақтардың қатарында Халықаралық бизнес директоры Хаким Абдулазиз Алрашид пен Elm Company Халықаралық бизнесінің бас директоры Абдулла Сауд Алтунаян болды.

Astana Hub резиденттері: UvU Family және Cerebra компаниялары IT- шешімін шетелдік қонақтарға ұсынды. Кездесу «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының шешімімен 27 қыркүйекте өтті. 

UvU Family - жүргізушісі болатын балаларға қауіпсіз тасымалдау бағдарламасы. Компания басшысы Мадияр Төлеуғали делегацияға инвестиция тарту бойынша жұмыстың жаңа форматын ұсынды.

Cerebra - жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолданатын инсультті ерте анықтайтын бағдарлама. Компания өкілдері өз жобасын Таяу Шығыс нарығында жүзеге асыруға және өнім сапасын нығайтуға мүдделі.

Бұдан әрі Astana Hub технопаркінің қызметкерлері Elm Company делегациясының өкілдеріне экскурсия өткізді. Екі тарап стартаптарды дамытудағы ынтымақтастықтың мүмкін болатын жолдарын талқылады. Сонымен қатар, Astana Hub резиденттерінің стартаптарына инвестиция бөлінуі туралы сұрақ көтерілді. Екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту үшін Сауд Арабиясының серіктестерімен жүйелі түрде онлайн кездесулер өткізу ұсынылды.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін