Astana Hub-та биылғы соңғы PIZZA PITCH November’22 іс-шарасы өтті

Жалпы, 2022 жылы технопарк алаңында 8 Pizza Pitch өткізілді, онда 60-тан астам ІТ-стартап өз жобаларын сарапшыларға ұсынып, олардан фидбек, кеңес алып, түрлі сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.


Биылғы соңғы Pizza Pitch шарасына 9 IT-стартап қатысты. Жобалар әртүрлі салалар - білім беру мен мобильді оятқыштардан бастап, қозғалтқыштар жүйесін әзірлеуге дейінгі бағытта болды. Атап айтқанда, GoodMo жобасы – адам эмоциясына жауап беретін әлемдегі алғашқы оятқыш мобильді қосымшасы қызығушылық тудырды.

Қазылар алқасының бұл оятқыштың, мысалы, діріл көмегімен адамдарды оятатын нарықтағы баламалардан қандай айырмашылығы бар деген сұрағына GoodMo өкілі Азамат Нұрділда былай деп жауап берді: «Біздің оятқыш психикалық денсаулық тақырыбын қозғайды, нарықта мұндай баламалар өте аз». Сарапшылар бұл идея өте қызықты екенін, бірақ жобаны пысықтап, мақсатты аудиторияға қатысты мәселелерді тереңірек зерделеу керектігін атап өтті.

Таныстыру барысында стартаптар жоба жасау туралы идеяларының қалай туындағанын айтып берді. «Еуропадан Қазақстанға оралғанымда, үй жанындағы шағын дүкендерде азық-түлік бағасының еуропалық бағадан кем түспейтінін көріп, таң қалдым. Сосын маған жақсы адамдар мұның себебін түсіндірді. Кейбір шағын дүкендерде бухгалтерлік есеп жүргізудің дұрыс жүйесі жоқ екенін білдім. Нәтижесінде маған көтерме-бөлшек сауда мен бизнес-процестерді жүйелейтін B2B платформасын құру туралы идеясы келді», - дейді SilkWay Systems стартапының негізін қалаушы Айдер Нуриддинов.

Сондай-ақ PIZZA PITCH November’22 -ге мынадай стартаптар қатысты:

  • Arnion – IT-мамандықтарының онлайн мектебі.
  • UniPark – логистикалық мәселелерді шешуге арналған көлік платформасы.
  • Monojet - қозғалтқышқа арналған бір рет бүрку жүйесі.
  • Finflow – автоматтандырылған қаржылық модельдеуге арналған қызмет.
  • QazaqSchool.online - қазақ тілінің онлайн мектебі.
  • Izidos – спорт жанкүйерлері мен компаниялар үшін спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесетін мобильді қосымша.
  • Alacall - жеткізушіге бейтарап байланыс орталығының шешімі.

Стартаптардың әлеуетін бағалаған қазылар алқасы: Татьяна Хасанова, Google for Startups және Techpreneurs трекері, маркетингтік стратегия және менеджмент саласындағы білікті сарапшы; Ержан Наурызбаев, ҚТЖ бизнесті трансформациялау орталығы директорының орынбасары; Таисия Трухина, МТС компаниясы скаутинг бағытының жетекшісі.

Биылғы соңғы Pizza Pitch қорытындысы бойынша QazaqSchool.online, Finflow және Monojet жеңімпаз атанды. Шараның серіктесі Kazakhteleсom Business жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» мен МТС компаниясы Alacall және Arnion жобаларын арнайы сыйлықтармен марапаттады. Қалған стартаптар да назардан тыс қалмады – Қазақстандағы Yandex Cloud компаниясы олардың әрқайсысына Yandex Cloud-ты пайдалану үшін әрбір қатысушыға 300 000 теңге көлемінде грант бөлді.

«Жыл бойы әрбір Pizza Pitch қатысушысы өз қызметінің кәсіби бағасын, стартапты одан әрі дамыту бойынша кеңестер мен практикалық ұсыныстар алды. Көрермендер контингенті де әртүрлі болды, шараға мектеп оқушылары, студенттер және кәсіби кәсіпкерлер қонақ ретінде қатысты. Келесі жылы Pizza Pitch іс-шарасын бұдан да ауқымды әрі сапалы өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Ольга Измайлова, Astana Hub Events Office директоры.

Astana Hub Pizza Pitch серіктестері – Kazakhteleсom Business, Қазақстандағы Yandex Cloud, «SF» дәмді тағамдарының қазақстандық желісіне және энергетикалық серіктес RedBull Kazakhstan компаниясына алғысын білдіреді.

Еске салайық, Pizza Pitch – бұл стартаптар бағын сынап, аудитория алдында сөйлеуге машықтанатын бейресми платформа. Әрбір қатысушыға таныстырылым үшін небәрі 3 минут уақыт беріледі, содан кейін сигналдық сирена естіледі және сарапшылар бағасын береді. Алдыңғы Pizza Pitch-те жеңіске жеткен стартаптар:

  • InStroy - құрылыс материалдары нарығының базары.
  • SmarTestPrep – халықаралық емтихандарға дайындалуға арналған автоматтандырылған платформа және университеттер мен білім беру бағдарламаларын ұсыну жүйесі.
  • Кваака - агрегаторлардан тікелей кассирге онлайн тапсырыстарды біріктіру.
  • OILA.app – балаларға арналған білім беру қолданбасы.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін