Astana Hub-та Blockchain Startups Weekend 4.0 форумы өтті

Blockchain Startups Weekend 4.0 - ақпараттық қолдау арқылы отандық блокчейн стартаптарын әлемдік деңгейге көтеруге бағытталған жыл сайынғы білім беру форумы. Биылғы форум төртінші өнеркәсіптік революция тақырыбына арналды.


Нарықта танымал шетелдік жобалармен тәжірибе алмасу алаңында лицензияланған қазақстандық криптовалюта биржаларының басшылығы, қазақстандық блокчейн стартаптарының негізін қалаушылар, венчурлік қорлардың басшылары, инвесторлар, сондай-ақ блокчейн сарапшылары сөз сөйледі.

"Форум алғаш рет 2017 жылы өтті және бірінші жылы біздің іс-шара халықаралық ауқымға ие болды. Біз жақсы деңгейде бастадық, сондықтан командамен осы брендті сақтап, жыл сайын форум өткізуді, біздің қоғамға және біздің елімізге пайдалы болу үшін блокчейн, крипта нарығына қатысы бар адамдардың басын қосуды шештік", - деді Blockchain Startups Weekend 4.0 форумының құрылтайшыларының бірі Ерлан Думанұлы.

Іс-шара аясында "Жеке стартаптардың цифрлық активтерін шығаруды реттеу және отандық блокчейн стартаптарын дамытудағы қазақстандық криптовалюта биржаларының рөлі" пленарлық сессиясы өтті.

"Қазір цифрлық активтер туралы заң әзірленуде, бұл мемлекеттің Қазақстандағы криптоиндустрияны одан әрі дамытуға мүдделі екендігін білдіреді", - деп атап өтті қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басшысы Азамат Ахметжанов.

Спикерлер майнинг нарығын талдап, блокчейн технологиясының даму перспективалары туралы айтты. Өз презентациясын ұсынып, сөз сөйлегендер: Қуаныш Қайырбаев, CEO Blockchain University; Наталья Роменская, Еуразиялық банк төрағасының криптоинициативалар жөніндегі кеңесшісі; Павел Солодков, биткоин майнинг бойынша сарапшы; Мухаббат Далиева, блокчейн сарапшы; Аян Кучуков, CEO Umay Academy және т. б.

Сондай-ақ форумда технологиялық компаниялар мен блокчейн-стартаптар назарға ұсынылды: CaspianEx, Prometeo Chain System, TrustMe, MedData, forge 55, NBC Gate, Amadao Network, M2, NFT коллекциясы, SILKY NFT, INIP.

"Бізде технология пулы бар блокчейн, ioT, Big Data және жасанды интеллект түсіреді. Біз екі блокчейн жасадық - біріншісі ios құрылғыларымен біріктірілген ол Ikarus деп аталады, ал екіншісі-жаһандық Prometeo блокчейні. Біз транзакцияны қайтара алатын блокчейн жасадық", – деді Prometeo Chain System бас директоры Дамир Кенесарин.

Blockchain Startup Weekend 4.0-де IT-әзірлеушілерге арналған Хакатон 2022 жылғы 15 желтоқсанда өтетіні және оның жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтыны жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл форумның ұйымдастырушылары - Crowdsale Network стартаптар мен инвесторларға арналған халықаралық платформа және Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы. Бас серіктес - Astana Hub.

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Интересно, есть компании в Астанахабе, которые получают оплату в криптовалюте

Жауап беру

Жаль что спикеров не отметили, которые были от и до

Жауап беру