Astana Hub-та Hackathon «Defence Tech 2.0» өтті
28 қарашада қорғаныс, қауіпсіздік саласында шығармашылық технологиялық шешімдерді табу және инновациялық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында «Defense Tech 2.0» Hackathon өтті. Шараны Қорғаныс министрлігі Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркімен бірлесіп ұйымдастырды.
Байқауға қатысушыларға үш бағыт бойынша техникалық тапсырмалар ұсынылды. Іріктеу кезеңі кезінде министрлікке бес өтінім түсті: екеуі Deftech веб-порталын әзірлеуге, үшеуі ЖОО-да оқуға грант алу үшін әскерге шақырылғандар арасында конкурстық іріктеу үшін бағдарламалық өнімді құруға.
«Жыл соңына дейін әскерге шақырылушыларға азық-түлік сапасын, киім-кешекпен қамтамасыз етудің толықтығын және басқа да параметрлерді бағалауға мүмкіндік беретін бағдарлама бойынша хакатон өткізуді көздеп отырмыз. Келесі жылы тағы үш-бес жарыс өткіземіз. Қазір министрлік мұндай шешімдердің қажеттілігін анықтап, «үй тапсырмасын» дайындап жатыр. Біз олар туралы сайтта техникалық тапсырманы жариялау арқылы нарыққа айтамыз», - деп жоспарларымен бөлісті Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
«Defence Tech 2.0» хакатонында 5 жоба қарастырылды: Intelligent Data Solutions, 21 Tech, Platonus, Жанат Абкенов, Самал Кабжанова.
«Біздің веб-сайт құрылғылардың барлық түрлеріне бейімделген. Функционалдықты өзгертуге немесе қосуға болады. Сайт үш тілде құрылған: қазақ, орыс, ағылшын. 24/7 техникалық қолдау және жыл сайынғы қызмет көрсету. Сайт екі күн ішінде іске қосылады», - деп Жанат шешімін ұсынды.
Жобаларды қазылар алқасы қарады:
- Нияз Белгибеков, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ вице-президенті
- Людмила Перякина, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары
- Дарын Маулетов, ҚР Қорғаныс министрлігі ақпараттандыру департаментінің офицері
- Максутбек Айтмаганбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- Ерсаинов Ержан, «Қазақстандық ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Екі жоба жеңімпаз деп танылды - Astana Hub қатысушысы - Intelligent Data Solutions және Жанат Әбкенов. Жеңімпаздардың жобалары келісімшартқа қол қою перспективасымен пилоттық режимде іске қосылады, ал Қорғаныс министрлігі оларды одан әрі іске асыру мүмкіндігімен перспективалық жобаларды әзірлеуге жәрдемдеседі.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін